21 Ақпан, 2017

Қызылорда облысы әкімдігі мен Қазақстан-Корей орталығы меморандумға қол қойды

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20 ақпан күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев аймақ тынысымен танысу мақсатында екі күндік сапармен келген «Ынтымақтастыққа ықпал жасау жөніндегі Қазақстан-Корей орталығы» АҚ директоры Ву Джонг Хи ханыммен кездесті. Кездесу барысында ауыл шаруашылығын дамыту, Қызылорда қаласындағы жаңа  әуежайды дамыту және Сырдария өзенінің сол жағалауындағы құрылыс мәселелері бойынша жобалар талқыланды. Аймақ басшысы Ву ханымға ынтымақтастықтың әлеуетті салалары мен инвесторларға берілетін преференциялар туралы айтып берді. Кездесу қорытындысы бойынша  тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 19  ақпан күні Қазақстан-Корей орталығының өкілдері Жаңақорған ауданының аграрлық өнеркәсібімен, өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметімен және «Жан-Арай Жем» ЖШС зауытының жұмысымен танысып, аймақтағы кәріс диаспорасымен кездесті.