09 Сәуір, 2011

Тек қана алға! Жаса, Қазақстан!

959 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қуан қазақ бағыңның жанғанына, Отырды Нұрсұлтаның «хан тағына» Бұл таңдау халқымыздың болашағы, Нұр шашқан алтын арай жан-жағына.   Құрметті мұның өзі биік сенім, Көп күткен қалауымыз  менің, сенің. Тағы бір тамсандырған бар әлемді, Елімнің бұл жеңісі емес тегін.   Біз бүгін өркениет жолындамыз, Замана ағымының оңындамыз. Шүкірлік ештеңеден кенде емеспіз, Әлемде мәртебелі орындамыз.   Жаңаша бағыт алды ғылым, білім, Оларға арқау болды ана тілім. Санаға имандылық ұялатып, Халқына қызмет етті ділім, дінім.   Нарықтың қыспағынан ұтқанымыз - Жан-жақты жеңіспенен шыққанымыз. Шешуші орын алды ілгеріден, Әлемдік саясатта ықпалымыз.   Бізге жат қырғи қабақ  жанжал, егес, Бізге жат құбылмалы жалған елес. Әлемдік тыныштықты сақтау үшін, Үн қоспай Қазақстан қалған емес.   Дәл солай бейбітшілік ұранымыз, Нық басып осы жолда тұрамыз біз. Соғады осылай деп жүрегіміз, Осылай шырқалады жыр, әніміз. Білмейміз жеңістерден басқаны біз, Жеңістің күш-қайраты жастарымыз. Солар ғой-болашаққа тұтқа болар, Солар ғой-болашақта асқарымыз.   Ұрпағы баба жолын кірлетпейді, Бұл оған сенім артқан міндет дейді. Елімде болып жатыр ғажайыптар, Айтуға соның бәрін тіл жетпейді.   Күн сайын мәйектеніп тірлік нәрі. Ұлы көш жылжып барад одан әрі, Нұрсұлтан есімімен байланысты – Айдарлы атқарылған істің бәрі.   Ағайын, жеңісіміз құтты болсын, Жеңістің тұғырына бақыт қонсын. Жоспары болашақтың орындалып, Ордасы еліміздің құтқа толсын.   Бағдарлап оң мен солын бала кезден, Елінің болашағын ерте сезген. Халқының қалаулысы Нұрсұлтанды- Сақтай гөр Тәңіріміз тіл мен көзден!   Қуаныш кеудемізді керней берсін, Құлашын болашаққа сермей берсін. Тек алға, жаса, жаса Қазақстан! Тұғыры Тәуелсіздік өрлей берсін!   Советхан ҚАЛИҒОЖИН. Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Теректібұлақ ауылы.