Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында орталық және жергілікті атқарушы органдардың 2017 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы туралы мәселе қаралды, деп жазады primeminister.kz.
Ауыл шаруашылығы министрлігі гидротехникалық құрылыстардың су тасқыны кезеңіне дайындығы бойынша іс-шаралар кешенін қабылдады. Су тасқынына қарсы комиссия құрылды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов баяндады.
2017 жылғы 17 ақпандағы жағдай бойынша республикалық меншікте «Қазсушар» РМК теңгерімінде 2 177 гидротехникалық құрылыс, олардың ішінде 78 су қоймасы, 83 су торабы, 26 бөгет және 1 990 басқа да құрылыстар бар. Жалпы барлық су қоймалары іске қосылған және 2017 жылғы көктемгі су тасқынын қабылдауға сыйымдылыққа ие, деп атап өтті вице-министр.
«Су ресурстары жөніндегі комитеттің бассейндік инспекциялары төтенше жағдайлар, экология аумақтық органдарымен және жергілікті атқарушы органдармен бірге 761 гидротехникалық құрылысқа визуалды зерттеу жүргізді. Республика бойынша 27 гидротехникалық құрылыс қанағаттанғысыз жағдайда екені анықталды, су тасқыны және сел кезінде қирау қаупі ұлғаюда. Бассейндік инспекциялар осы гидротехникалық құрылыстардың иелеріне анықталған олқылықтарды жою туралы ұйғарымдар берді және тасқын суды қауіпсіз өткізу бойынша шаралар қабылдау қажеттігі туралы хаттар жіберді», - деді Қ. Айтуғанов.
Су тасқынына қатысты төтенше жағдайға «Қазсушар» РМК 10 мың м3 көлемде инертті материалдардың, 678 тонна жанар-жағармай материалдарының, 41 мың дана ыдыс-қаптың апатты қорын жасақтады, сондай-ақ 246 бірлік арнайы техника және 31 бірлік жүзу құралы әзірленген.
«Жалпы бүгінгі таңда республикалық меншіктегі нысандардағы су шаруашылығы жағдайы тұрақты және тұрақты бақылауда», - деп сендірді вице-министр.
• 21 Ақпан, 2017
Республика бойынша 27 гидротехникалық құрылыс қанағаттанғысыз жағдайда

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше