21 Ақпан, 2017

Серік Сұлтанов өмірден өтті

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Отандық фармацевтика және медициналық өндірістің негізін қалаған қоғам қайраткері Серік Сұлтанов 58 жасында өмірден озды, деп жазады palata.kz. Серік Егелұлы Сұлтанов 1959 жылы 9 қазанда Павлодар облысы Панфилов ауылында дүниеге келген. 1980 жылы Павлодар педагогикалық институтын «математика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын орта мектепте және Ертіс аудандық БЛКЖО хатшылығынан бастаған, одан кейін Павлодар облыстық БЛКЖО комитетінің бөлім меңгерушісі қызметін атқарды. 1990–1998 жылдары ­­– «Мед-полимер» АҚ Бас директоры, 1998 жылдан бастап Дәрілік заттар сараптамасы ұлттық орталығының" «Дәрі-дәрмек» РМКК бас директоры қызметін атқарған. 2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп комитетінің төрағасы болды. 2004 жылдан бастап «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» фармацевтикалық және медициналық өнім өндірушілері қауымдастығының басшысы және «Медициналық техника жеткізушілерінің қауымдастығы» ЗТБ төрағасы, сонымен қатар «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасы Фармацевтика, медицина өнеркәсібі мен медициналық қызметтер комитетінің мүшесі болған. Сондай-ақ, 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшелігінде, ал 2008 жылдан ­Қазақстан Республкасының Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі агенттігінің Сарапшылар кеңесінің құрамында және «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Серік Сұлтановтың дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Қаралы жиын 2017 жылы 21 ақпанда сағат 9-30-да Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында өтеді. Мекен-жайы: Астана қаласы, Тұран даңғылы, 38.