Режиссер Ақан Сатаев ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп Сақ патшайымы Томирис туралы фильм түсірмекші. Бұл туралы режиссердің өзі министрліктің алқа отырысында айтты.
«Биыл біз министрлікпен бірігіп "Томирис" фильмін бастаймыз. Бұл отандық және шетелдік көрермендердің қызығушылығын оятады деп сенемін. Біздің кино өнерін осындай туындымен толықтыруымыз керек. Бұл елдің халықаралық имиджіне де оң ықпал етеді", - деді режиссер.
Жыл сайын қазақстандық фильмдердің әлемдік деңгейде көбірек танылғанын айта келіп, Ақан Сатаев киноиндустрияны да нарықтық жағдайға бейімдеу керектігін тілге тиек етті.