21 Ақпан, 2017

Шетелдіктер Қазақстанға өз бетінше келіп жұмыс істей алады

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шетелдіктер Қазақстанға өз бетінше келіп жұмыс істей алды. Бұл жайында бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстанда шетелдік жұмысшыларды жұмысқа тартудың жаңа әдісі іске қосылды. Ендігі уақытта жұмыс беруші әрбір шақырылған маман үшін сала мен жұмысшының біліктілік деңгейі бойынша сараланатын көлемде алым төлейді. Шетелдік білікті кадрларға Қазақстанға өз бетінше келіп, экономиканың басымдықты салаларында талап етілетін кәсіпкер тізіміне кіретін мамандық бойынша жұмысқа тұра алады», - деді Тамара Дүйсенова. Осы ретте министр жергілікті атқарушы органдар мен жұмыс берушілер шетелдік мамандарға рұқсат беруде, сондай-ақ оларға жұмыс пен ұсыну және жалақы белгілеу барысында заңнаманы қатаң сақтауы тиістігін баса айтты.