Жыл басынан бері қордың тапқан таза инвестициялық табысы 10,7 млрд теңгені құрады.
2017 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,71 трлн. теңге болды, деп хабарлайды БЖЗҚ баспасөз қызметі.
2017 жылғы 1 ақпанда шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,04 млн. бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,58 млн. бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 421,25 мың бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 38,99 мың бірлік болды.
Жыл басынан бері зейнетақы қорына зейнетақы жарналарының есебінен 61,2 млрд. теңге түскен. Ал қайтарылған жарна көлемі 0,4 млрд теңге.