22 Ақпан, 2017

Дағдарыс жоқ, даму бар

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қарағандыға Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов жұмыс сапарымен келіп, «Тау-кен Темір» ЖШС-нің өндіріс цехымен танысты. Сонымен қатар, кәсіпорынның еңбек ұжымымен Президенттің «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Cапар аясында министр «Сарыарқа» АЭА-да болып, онда «Steel manufacturing» жобасы құрылысының барысын көрді. Елбасымыз Жолдауында «Әлем­де кезекті, Төртінші өнер­кәсіп­тік революция басталды» деген болатын. Жаһанда техно­ло­гия­лық ілгерілеу жыл санап емес, күн санап алға басуда. Өзім өндіріс саласының мама­ны­мын. Пеш түбінде тұрып, темір балқытқандардың бірі – мен. Теміртаудағы «Кар­мет­ком­бинатта» да тер төккен жыл­дарым қаншама. Қазір бәрі өзгерген. Кәсіпорындарда авто­мат­тандырылған орталық дис­пет­черлік пункттер бар. Он адам­ның қол күшін жаңа технология ығыстырды. Ілгерілеу деген осы. Ал даму – бәсекеге қабі­лет­тілік, өнім сапасын арттыру мәсе­ле­леріне айқын бастама. Қазақ­стан бүгінде жаңа дәуір­дің алдында тұр. Әлем барын­ша даму үстінде. Адамзат бала­сы төртінші өнеркәсіптік револ­ю­цияның дәуіріне енуде. Бұл дегеніміз – жоғары білім мен тех­­но­логияларға негізделген ай­рық­ша индустрияландыру. Осы жағдайларға байланысты біздің еліміздің басшысы Қазақстанның үшінші жаңғыруын қамтамасыз ету міндетін қойып отыр», деді Б.Атамқұлов. Мәжілістің қорытындысы бойынша кездесуге келген бар­лық қатысушылар Прези­дент­­тің Қазақстан халқына Жол­дауын бір кісідей қолдап, Қара­ғанды облысы қойылған міндет­терді іске асыруға белсенді қатыса­тын­дығына сенім білдірді. Мирас АСАН, «Егемен Қазақстан» ҚАРАҒАНДЫ