22 Ақпан, 2017

Түсті және қара металл қабылдау пункттері тексерілуде

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елордада Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасымен полиция қызметкерлері түсті және қара металл (кабель, люк қақпақтары) ұрлаудың алдын алуға бағытталған жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде, деп хабарлады Астана әкімі аппаратының баспасөз қызметі. Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметінше, Астанада түсті және қара металл қабылдайтын 93 пункт жұмыс істейді, соның ішінде 18-і­нің лицензиясы болса, 75 пункттің тиісті құжаттары жоқ. Астана қаласы ІІД-нің хабарлауынша, жедел алдын алу іс-шарасы барысында металл қабылдайтын 55 пункт тексеріліп, қосымша 8 пункт анықталды. Аталған пункттер тіркелмеген және металл қабылдауға рұқсат құжаттары жоқ. Шара барысында түрлі бұзушылықтар үшін 28 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түсті және қара металл ұрлаудың 5 дерегі тіркеліп, айыптылар ұсталды. Тергеу жүргізілуде.