Еліміздің кей өңірлерінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты қар жауады, ал оңтүстік өңірлер жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, қар борап, жел күшеюі ықтимал. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын жүреді, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде екпіні 25 м/с жетеді.
Алматы облысында түнде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с жылдамдықпен соғады.
Жамбыл облысының кей тұстарында тұман күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының жекелеген аймақтарында тұман түсіп, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді, күндіз тұман, көктайғақ болуы мүмкін.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 18 м/с жетіп, аздап боран соғады.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел 17-22 м/с жылдамдықпен соғады.
Солтүстік Қазақстан облысында аздап боран соғып, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.
Түнде Павлодар облысынының кей жерлерінде қар борап, желдің күші 15-20 м/с дейін артады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман,түнде аздап бұрқасын болады, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.