09 Сәуір, 2011

Тәуелсіздік жаршысына құрмет

480 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Ел газеті «Егеменнің» қалың оқырманы семейлік жазушы Медеу Сәрсекенің тәуелсіздік жо­лын­да басын бәйгеге тіккен хал­қы­мыздың соңғы ханы Кенесары көтерілісінің шындығын қылы­шы­нан қан тамған заманда ашып көрсетуден еш тайсалмаған та­рих­шы ғалым Ермұхан Бекмаханов туралы Астанадағы «Фолиант» баспасынан екі тілде, сон­дай-ақ Мәскеудегі «Молодая гвардия» баспасынан әлемге әйгілі «ЖЗЛ» сериясымен деректі кіта­бын шығарғанынан хабардар. Өйт­­кені, жыл соңында «Егемен Қазақ­стан» мен «Казахстанская правда» аталған тарих­шы­ның шерлі тари­хы туралы жазу­шы­мен көлемді сұхбаттар жария­лаған болатын. Ұстанған бағытынан қайтуды білмеген ер Ермұханды тәуел­сіз­дік жаршысы деген ләзім дейді жазушы ағамыз. Ал биылғы жыл­дың соңында ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы аталып өтілмек. Соған орай тарихшы туралы бұл кітап­тың ең алғашқы тұсаукесер рәсімі Алматыдағы Әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық мемлекеттік уни­верситетінде өткен болса, оның себебі де жоқ емес-ті. Өйт­кені, Ерекең осы қараша­ңырақта 1946-1966 жылдар аралығында жиырма жылдай еңбек етіп, қазақ тарихы кафедрасының іргесін қалаған еді. Ұлт тарихына ден қой­ған тарихшылар мектебі де сол тұста қалыптасқан. Ел Тәуелсіздігінің 20 жыл­ды­ғы аясында өткізілген тәуелсіз­дік жар­шысына арналған кітаптың тұ­сау­ке­серін аталған универ­си­теттің рек­торы, ғылым док­торы, профессор Ғ.Мүтанов кіріспе сөзбен аш­қан соң, белгілі тарих­шылар Т. Омар­беков пен Б.Кәрі­баев ғұмыр­на­ма­лық кітап жайлы өз пікірлерін ор­та­ға салды. Жи­налғандар У.Ша­ле­кенов, М.Асыл­беков, Т.Тұр­лы­ғұл сын­ды білікті тарихшылар мен Ерекеңнің жұ­байы Х. Бек­мұ­ха­мед­ованың және тағы басқа­лар­дың сөзін де зейін қоя тың­да­ға­нын да айта кетсек дейміз. Бұдан кейін осындай тұсау­кесер рәсімі тарихшы ғалым­ның туған жерінде жалғасып, Баян­ауыл, Екібастұз және Павло­дар­да­ғы оқырмандармен кездесуге жа­зу­шымен бірге Ере­кең­нің ұлы Сер­мұхан да қатысуы кеш маз­мұнын арттыра түскені анық. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ.