22 Ақпан, 2017

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығына жаңа басшы келді

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығының жалпы жиналысында қауымдастық мүшелері бір ауыздан Юлия Якупбаеваның кандидатурасын бір ауыздан қабылдап, кеңес төрағасының міндетін атқарушы етіп сайлады, деп жазады ҰКП баспасөз қызметі. Юлия Якупбаева бұған дейін "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары болған. "Ал бүгінге дейін қауымдастықтың кеңес төрағасы болған Мағжан Әуезов елдегі екінші деңгейлі банктердің бірінің басшылығына ауысқан," деп жазады кәсіпкерлер палатасы. Якупбаеваның жоғарғы экономикалық білімі бар. Бұған дейін ҚР Ұлттық банкінде, ҚҚҚ-да, "Атамекен" одағында қызмет еткен. Сонымен қатар, қазір "ТРҰА" АҚ, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК мен БЖЗҚ қоғамдық және бақылау кеңестеріне мүше. Бұдан бөлек, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің басқарма мүшесі.