22 Ақпан, 2017

Алматы облысының кәсіпкерлері жүгері шаруашылығын қолға алмақ

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алматы облысында биылғы жылы 78 мыңнан астам гектар жерге жүгері егіліп, 507 мың тонна өнім жинау жоспарланған. Жалпы жүгері алқабы облыста соңғы үш жылда 9 мың гектарға ұлғайтылған. Бұл туралы өзінің есепті жиынында облыс әкімі Амандық Баталов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Баяндамадағы мәліметтерге сүйенсек, облыстағы екінші крахмал-сірне зауыты Қарасай ауданында орналасқан «АзияАгроФуд» АҚ-на жаңғыртылу жұмыстары жүргізіледі. Бұл өз кезегінде жүгері өңдеу деңгейін 45-тен 60 % -ке жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар қосымша тағы 2 қырман салынады деп көзделуде.