09 Сәуір, 2011

Оралман жастардың көрмесі ашылды

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанада оралман жас су­рет­шілердің «Отаным – алтын бесігім» атты шығармашылық көр­ме­сі ашылды. Көрмеге қаты­су­шы­­лар – ата жұртына оралған жас талант иелері Жүсіпбек Дә­лел­хан, Қайрат Жәйірбекұлы (Қы­­тай ха­лық республика­сы­нан), Аман­жол Мұсалимов (Ресей) жә­не Руслан Жүсіналиев (Қыр­ғызстан). Бәрімізге белгілі, ата-баба­мыз ғасырлар бойы армандаған азаттық таңы атқалы іргелес елдерден 1 миллионға жуық қазақ туған жерге табан тіресе, солар­дың арасында әртүрлі маман­дық­тардың құлағын ұстаған азаматтар да аз емес. Соның бірі – қыл­қалам ұстаған суретшілер қауы­мы десек, бүгінгі таңда олардың бірқатары, елорданың мәдени-шығармашылық өміріне өз үлес­терін қосуда. Көрмені ашқан ҚР Суретшілер одағының мүшесі Қоңыр Мұхам­медиев: – Бүгінгі көрмемізде өскен ор­та­ларында қазақы рухты жо­ғалт­пай, шынайы мәде­ниетімізді сақ­тап, бүгінгі жаңарған Қазақ­станға жеткізген бауырлары­мыз­дың шы­ғар­машылық туынды­ла­ры­ның куә­гері болып отырмыз. Осындай жақ­сы істер жалғасын таба беретініне сенемін. Ата жұр­тына табан тіреген жас талант­тарымыздың туған жеріне берері көп, – деді. Көрмеге арнайы келген белгілі қоғам қайраткері, ҚР «Көші-қон» заңының авторы Әкім Ысқақ жастарға жылы лебізін білдіріп, кітаптарына қолтаңба­сын қойып, сыйға тартты. Көрмеге қойылған жас өнер­паздардың туындыларында бейнеленген қазақ өмірінен, жаңа Астанамыздың көрініс­терінен оралман бауырларымыздың ту­ған жерге деген үкілі сағы­ны­шын көреміз. Е.ЕРҒАЛИҰЛЫ. Астана.