22 Ақпан, 2017

Азиада-2017. Шорт-трекшілеріміз қола жүлдеге ие болды

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VIII қысқы Азия ойындарында командалық сында еліміздің шорт-трекшілері қола жүлде жеңіп алды. Жарыстың финалдық кезеңінде төрт команда бақ сынады: Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай және Қазақстан. Нәтижесінде, алтын жүлде Оңтүстік Корея спортшыларына бұйырса, Аспанасты елінің шорт-трекшілері екінші орынға ие болды. Бұл жарысқа біздің құрамадан Мадина Жанбосынова, Ким Йонг Анастасия Крестовой және Анита Нагай қатысты.