09 Сәуір, 2011

Думанды кеш

471 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Астана қалалық әкімдігі алдындағы алаңда Елбасы Н.Назарбаевты ұлықтау салтанатына орай думанды концерт өтті.  Концерттік бағдарлама барысында еліміздің соңғы басты оқиғалары қамтылып, әннен шашу шашылды. Мерекелік кеште 3 сәуір Қазақстан азаматтарының бірлігін көрсеткен күн болғандығы тағы бір мәрте айтылды. Жастар өздерінің таңдауы болған Елбасы құрметіне флеш-моб жасап, қол ұстасып, алаңды айналды. Бұл олардың бірлігі мен татулығын көрсеткендей, болашаққа жарқын сенімін білдіргендей өте әсерлі шықты. Концертте астаналықтар алдында Нұрғали Тұрлыбеков, Дианора, Ерболат Құдайбергенов, Маржан Арапбаева, «МузАрт» тобы, «Дабыл» дуэті, Мақпал Исабекова, Медет Шәйкелов, Диана Маева секілді бірқатар қазақстандық орындаушылар өз өнерлерін көрсетті. Думан соңы Елбасын ұлықтау салтанатына орай үлкен мерекелік отшашумен аяқталды. Венера ТҮГЕЛБАЙ.