22 Ақпан, 2017

Мұнай қайта төмендеді, доллар мен теңге "плюсте"

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін, 22 ақпан күні, Астана уақытымен 19:52-те Брент маркалы мұнай құны 56,27 долларға төмендеді. Кеше осы уақытта қара алтынның құны бір жылдық максимумға көтеріліп, 57 доллардан асып кеткен еді. Алайда, шикізаттың арзандауы теңгенің құнына кері әсерін тигізген жоқ. KASE-нің күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша 1 АҚШ доллары 313,45 теңге болды. Бұл көрсеткіш, таңертеңгі рекорды жаңартып, 2015 жылдың 13 желтоқсанынан бергі ең төменгі бағам болып тіркелді. Естеріңізге сала кетейік, таңертең доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 313,82 теңге болған еді. Федералды резерв жүйесінің АҚШ-тың әр штатындағы өкілдерінің осы апта басындағы жасаған баспасөз конференциясында алдағы наурыз айында доллардың базалық мөлшерлемесі көтерілуі мүмкін екені және мөлшерлемені көтеру қазіргі АҚШ экономикасы үшін ең ұтымды шешім болатыны айтылған. Нәтижесінде, бүгін АҚШ долларының еуроға шаққандағы бағамы төмендеп, доллар кезекті рет нығая түсті.