23 Ақпан, 2017

Бала бабы – бағуынан

221 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Төрт құбыласы түгел, ата-ананың аялы алақанында, ата-әженің меймілдеген мейіріміне тойып өскен баланың болашағына жақындарының алаңдайтыны түсінікті. Ал шарана күйінде отбасылық шаттықтан ада, ол туғанда қуанудың орнына безініп, безірейген ата-анадан туған баланың келешегі қандай? Әлеуметтік өмірге бейімделмеген, мейірімге шөліркеп, белгілі тәртіп аясында өскен баланың келешегі қалай болады?! Бір қарағанда барлығы әзір, не ішемін, не киемін дейтін емес... Жылы жерде, арнайы білімі бар мамандар тәрбиелеген жастар ешкімнен кем емес, орта білімін алып, кәмелеттік жасқа толып, бұғанасы бекіген тұсында өмір айдынында еркін жүзетіндей... Алайда, сол айдында балалар үйінде тәрбиеленген жас үшін қаншалықты қиындық туады, кейінгі өміріне оның тигізер әсері қандай болмақ. Белгілі бір режім аясында тәрбие алған баланың әлеуметтік ортадан ойып тұрып өз орнын алуы қаншалықты нәтижелі? Ойлай берсең, ой да көп, туындайтын сауал қарасы да мол. Мамандар мұндай орта­дан шыққан ба­лалардың жүй­ке­ле­рі­нің әлсіз, ашу­шаң, ызақор келе­тінін алға тартады. Сон­дық­­тан, оларды әлеуметтік өмір­­ге бей­ім­деуде арнайы ма­ман­­дардың қо­ғам­мен бірлесе қи­мылдауы арқылы оң нә­ти­же­ге жетуге болатынын айтады. Олар­ды қоғамдық өмірге даяр­лау жо­лын­­да әлеуметтік пе­да­гогтар, психолог­тар қимылының үндесуі маңызды деген ойға ден қояды. Өйткені, шектеулі қа­рым-қатынастың шеңберінде, тұй­ық жүйеде өмір сүрген бала үшін қазынаның бағымынан шығып, әлеу­мет­тік ортаға бірден бейімделу оңай ша­руа емес. Қайнаған тіршіліктен алыс­та өскендіктен, әлеуметтік-мәдени тә­жі­рибесі жоқ талай жас адасып, талай өр­кен темір тордың арғы жағында, жас өмі­рін қайғыда өткізуде. Орны толмас осындай өкініштерді қайткенде азай­тып, баланы бұл ортаға қалайша бейім­дей аламыз? Міне, балалар үйінде тәр­биеленіп жатқан әр жеткіншекті адастырмаудағы өзекті мәселенің бірі осы болып тұр. Балалар үйлеріндегі осы және өзге де олқылықтардың орнын толтыруда ба­қы­лау кеңестерін құру жайы айтылып жүретін. Кезегін күтіп тұр­ған мәселені оңтайлы шешкен жөн. Бі­лім және ғылым министрлігі биылғы жылд­ың бірінші тоқсанында балалар үй­лерінің жанынан оның қызметіне қо­ғамдық бақылау жүргізуді көздейтін Ба­қылау кеңесінің жұмысын бастамақ. Кеңес құрамына қоғамдық ұйым­дар­дың, балалар құқығын қорғау қорларының, асырап алушы ата-аналар қауымдастығының, мемлекеттік басқару органдарының (оның ішінде құ­қық қорғау органдары) өкілдері кі­ре­ді. Осылайша, аталған ұйым бала­лар үйлерінің тыныс-тіршілігіне ете­не қатысып, жағдайды бақылау ар­қылы, балалар құқығын бұзу әре­кет­терінің алдын алуды жоспарлап отыр. Бақылау кеңестері балалар үй­лерінің қызметі жайлы есептерді тың­дап, басшылығының іс-әрекеттерін қадағалайды және балалардың жағ­дай­ын дербес бағалап, олармен әңгімелесе ала­ды. Ал бұл кеңестердің атқарған жұ­мысы жайлы ақпарат интернет-ресурс­тарында, оның ішінде балалар үйлері мен министрліктің Балалар құқығын қор­ғау комитетінің ресми сайттарында жа­рияланады. Бақылау кеңестерінің құрылуы балалар үйлерінің қызметін жақсартып, қо­ғам үшін жариялы етері сөзсіз. Бұл осы күнге дейін жабық мекемелер ре­тінде саналып, жағымсыз, тіпті кей кез­дері заңсыз әрекеттерге жол беріл­ген ба­лалар үйлерінің қызметіне оң әсе­рін ти­гізіп, қоғамдық қадағалауды кү­шей­те­ді деген сенімге жетелейді. Расында, қоғам шындап қолға алса, сына қағылардай саңылауы жоқ тас қа­бырға да сөгіледі, көк бітпес та­қыр­ға да желкілдеген құрақ өседі. Ба­қы­лау кеңестері құрылғандағы ниетін то­лық жүзеге асырса, бұра тартып ба­ра жатқан тұстардың жөнделері анық. Мәселен, Грузия балалар үйі мәсе­ле­сін­де біраз жетістіктерге жеткен. Со­ның нәтижесінде, жетім балалар тәр­биелейтін мекемелер жабылып, есесіне тәжірибелі мамандарды қоғам үшін ендігі бір қажеттілік – дәстүрден ажы­рап, отбасылық құндылықтары қо­жырап, балалары тәртіпсіз болған ша­ңы­рақтардың проб­лемаларымен айналысуға жұмылдырған. Бір қуа­нар­лы­ғы, біздің елімізде де жылдан-жылға ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар саны азаюда. Бұл – өз отбасына бала тәр­биелеуге ықылас білдірген ата-аналар санының өсуінен туындап отырған жақ­сылық. Елімізде көп жылдан бері ал­ғаш рет жетім балалар санының тө­мендеуіне байланысты балалар үйі жабы­ла бастады. 2015 жылдан бастап 48 жетімдер үйі жабылды (жалпы саны 188-ден 140-қа дейін азайды). Отбасылық форма тәжірибесін ке­ң­ей­ту мақсатында 2016 жылдың 9 сәу­і­рі­н­де еліміздің кейбір заңнамалық ак­тіл­еріне баланың құқықтарын қорғау мә­селелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі нәтижесінде же­тім және қамқоршысыз қалған бала­лар­мен қарым қатынас жасаудың жаңа мүмкіншіліктері – асырап алушы отбасы, сондай-ақ, балаларды демалыс және мереке қүндері отбасына тартатын – қонақтық отбасы сияқты жаңа формалар енгізілді. Бұл қазақстандық отбасылардың қамқоршылық белс­ен­ді­лігін арттыруға басты себеп болды. Со­нымен қатар, жетім және ата-ана қам­қорлығынсыз қалған балалар тура­лы және балаларды асырап алғысы ке­ле­тін отбасылардың республикалық деректер базасы құрылды. Оның же­міс­тері де бар. Атқарылып жатқан шаралардың бар­лығы, оның ішінде балалар үй­ле­рі­нің жанында бақылау кеңестерін ­құр­у­ да, балалардың өмір сүру сапасын мейлінше жақсартуға, құқықтарын қор­ғауға және қоғамның назарын ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала­лар мә­селелеріне көбірек аударуға ба­ғыт­та­лып отыр. Бақылау кеңестері ба­ла­лар­дың бабы табылуындағы жақсы қадам бо­­ла­ды деген сенім бар. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»