Күншығыс елінің Саппоро қаласында өтіп жатқан VIII қысқы Азия ойындарының көрігі қыза түсті. Төртінші жарыс күні Қазақстан құрамасының қоржынына үш бірдей қола медаль сыйлады. Сонымен қатар, шайбалы хоккей сынын бастап кеткен ел құрамасы оңтүстіккореялық қарсыластарын 4:0 есебімен күйрете жеңді.
Шаңғымен тұғырдан секіру жарысында еліміздің намысын қорғаған Сергей Ткаченко 238.0 метр нәтижемен үшінші орынға табан тіреді. Бұл бәсекеде бәрінен алыс секірген жапон жігіті Юкия Сато (254.0) алтын жүлде иегері атанды. Екінші жүлде – күміс медаль чемпионның жерлесі Юкен Ивасаға (251.0) бұйырды.
Қыздар арасындағы шорт-трекшілер сайысында Қазақстан құрама командасы тәп-тәуір нәтижеге қол жеткізді. Құрамында Ким Йонг А, Анастасия Крестова, Мәдина Жанбосынова және Ольга Тихонова бар желаяқ қыздарымыз 4:20.034 минут нәтижемен қола жүлдеге ие болды. Біздің шорт-трекші аруларымыздың жолын Оңтүстік Корея (4:10.515) және Қытай (4:10.980) құрамалары орап кетті.
Бұл күні конькиші жігіттеріміз де көңілді көтеріп тастады. Ерлер арасындағы қудалау бәсекесінде құрамында Дмитрий Бабенко, Денис Кузин және Федор Мезенцев өнер көрсеткен Қазақстан командасы қола медальға қол жеткізді. Бұл жарыста Оңтүстік Корея мен Жапония командалары үздік нәтиже көрсетті.
Қазақстан хоккейшілері Азиада сынындағы алғашқы кездесуін Оңтүстік Корея құрамасымен өткізді. Сергей Старыгиннің шәкірттері сенімді ойын өрнегін көрсетіп, 4:0 (0:0, 2:0, 2:0) есебімен жеңіске жетті.
Командалар матчтың бірінші бөлігінде тең тарқасты. Екінші кезеңнің 34-минутында Максим Волков қарсылас қақпадан саңылау тауып, есеп ашты. Арада екі минут өткенінде Никита Михайлис есепті еселеді.
Шешуші кезеңнің 47-ші минутында Нұрсұлтан Белгібаев есепті 3:0-ге жеткізді. Ал соңғы – төртінші шайбаны ойынның 54-минутында Константин Савенков салды.
Енді біздің хоккейшілер келесі ойынды 24 ақпан күні Қытай құрамасымен өткізеді.
Әзірге Қазақстан құрамасының еншісінде жеті жүлде бар. Оның біреуі алтын, екеуі күміс және төртеуі қола. Медаль саны бойынша жалпыкомандалық есепте төртінші орында тұрмыз.
Бұл бәсекеде 30 медальмен (12 алтын, 11 күміс және 7 қола) Оңтүстік Корея құрамасы көш бастап келеді. Екінші орындағы Жапония қоржынында 34 медаль (10, 11, 13) бар. Ал үшінші орында 16 медальмен (6,5,5) Қытай құрамасы келеді.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан»,

Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40