23 Ақпан, 2017

Ынтымақтастық жайы талқыланды

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев «Jumore» компаниясының президентімен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Мем­лекет басшысының еліміздің экономикалық өсімнің жаңа үлгісіне ауысуына қатысты тап­сырмаларын іске асыру аясында цифрлы технологиялар, қаржы технологиялары мен құрал­дарын дамыту саласын­дағы ынты­мақтастық келешегі талқыланды. Сондай-ақ, Премьер-Министр осы күні Еуропа қайта құру және даму банкінің инфрақұрылым жөнін­дегі басқарушы директоры Томас Майермен кездесу өткізді. Кездесуде Қазақ­­стан­­­ның ха­лық­аралық қар­жы инс­­­ти­­ту­т­­тары­мен тұрғын үй-ком­­му­­нал­­дық шаруашылығы, көлік және «жасыл» экономика сала­сын­да­ғы ын­­­ты­­мақтас­тығы мәселелері сөз болды. Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев кеше Мемлекет бас­шы­сының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан хал­қына Жолдауын іске асыру мәсе­лелері бойынша еліміз­дің бизнес қауымдастығының өкілдерімен кездесу өткізді. Онда Қазақ­станның үшінші жаңғыруының міндеттерін іске асыру мәселелері, соның ішінде, экономикалық өсімнің жаңа үлгісіне ауысу, жаңа индустрияларды құру, бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту мәселелері талқыланды.