23 Ақпан, 2017

Азаматтарды қабылдады

264 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Тараз қаласында «Нұр Отан» партиясының Жамбыл филиалында азаматтарды қабылдады. Азаматтарды қабылдау «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын Жамбыл облысының тұрғындарына түсіндіру шеңберінде өткізілді. Азаматтарды қабылдауды өткізу кезінде министрдің атына әртүрлі сипаттағы сұрақтар келіп түсті. Азаматтарды әлеу­меттік төлемдер (зейнетақы, жәрде­мақы), білім беру, денсау­лық сақтау, мәдениет және спорт сала­ларындағы объектілер құры­лысы, әлеуметтік жұмыс орындарын құру мәселелері қызықтырды. Сонымен қатар, шағын және орта бизнеске салық салу, кедендік рәсімдерді жеңілдету саясатына, т.б. мәселелерге қатысты сұрақтар көп қойылды. Барлық өтініш білдірген азаматтарға Қаржы министрі тиісінше түсініктеме беріп, ұсы­ныл­ған құжаттарды қарас­тырды және азаматтар айтқан мәселелерді шешу бойынша әрі қарай не істеу керек екендігін түсіндірді. Ол 2017 жылы 3 539,9 млрд теңге немесе жалпы рес­публикалық бюджеттің 41%-ы әлеуметтік салаға бөлінетінін айтты. 2017 жылғы шығыстардың 94%-ы немесе 3 319 млрд теңге ең төменгі әлеуметтік кепіл­діктерді қамтамасыз етуге жұм­салады, ал бұл жұртшылыққа меди­циналық көмек көрсету (емхана, станционарлық көмек және тегін дәрімен қамтамасыз ету), кадрларды орташа және арнаулы, жоғары оқу орындарынан кейін оқытып дайындау, сондай-ақ, олардың біліктілігін арттыру, әлеуметтік нысандар құрылы­сы және әлеуметтік төлемдерге бағытталатын қаржы деген сөз. Министр салық және кеден­дік әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдету мен Қазақстанда бизнес жүргізу үшін жағдайларды жақсарту бойынша Үкімет жоспары туралы айтты. Сондай-ақ, Бақыт Сұлтанов қабылдауға келген азаматтарға жеке өзіне Қаржы министрлігінің ресми сайтындағы www.minfin.gov.kz блогы арқылы кез келген адам өтініш білдіре алатынын ескертті, деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.