09 Сәуір, 2011

Елбасы отырыстарға қатысты

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» ХДП фракциясының алқа отырысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бюро отырысына қатысты. Отырыстағы кеңесуден кейін Мемлекет бас­шы­сының Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына К.Мәсімовтің кандидатурасын тағайындау жөніндегі ұсынысы бірауыздан қолдау тапты. Қорытындысында Қазақстан Республикасы Конституциясының 56-бабына сәйкес келісім алу үшін аталған ұсынысты Мәжілістің жалпы оты­ры­сының қарауына енгізу туралы шешім қабылданды. «Егемен-ақпарат».