21 ақпанда Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде министрлік деңгейінде «Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау: Еуропадағы қақтығыстар» тақырыбында өткен ашық пікірсайысқа қатысты, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстанда Сирия бойынша келіссөздер барысында өзінің тиімділігін көрсеткен Астана платформасы басқа да дау-жанжалдарды шешу мақсатында кеңінен қолданылуы мүмкін деп есептейді, деп атап өтті қазақстандық дипломат өз сөзінде. Оның айтуынша, мұндай алаң халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарына сенімді қалпына келтіру және оған деген адалдықты қайтадан растау үшін, сондай-ақ, барлық тараптардың ұлттық мүдделерін құрметтеу үшін бүгінде өте маңызды.
Р.Василенко Еуропа бетпе-бет келіп отырған заңсыз көші-қон, ұйымдасқан қылмыс, адам саудасы сияқты өсе түсіп отырған үрей мен сенімсіздік ахуалы арқылы одан бетер тереңдей түскен сын-қатерлерді атап көрсетті.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында айтқан халықаралық қауымдастықтың назарын дау-жанжалдардың алдын алу жөніндегі жаңа стратегияны дамытуға бағыттау қажеттігі туралы идеясының осы орайда мейлінше көкейкесті екені атап өтілді.
Қазақстандық делегация басшысы пікірсайысқа қатысушыларға Қазақстанның өзінің 2017-2018 жылдардағы БҰҰ ҚК жұмысында Мемлекет басшысы жариялаған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі мен 2017 жылдың қаңтарындағы Кеңес мүшелеріне Саяси үндеуі сияқты шешуші құжаттардың ережелерін басшылыққа алатынын жеткізді.
Астана еуропалық құрлықтағы дау-жанжалдар аймағындағы ахуалдарды халықаралық құқық нормаларына және оларды реттеудің жұмыс істеп тұрған халықаралық механизмдеріне сәйкес бейбіт реттеуді қолдайды, деп атап өтті спикер. Қазақстан ел астанасында саммит өткізумен және декларация қабылдаумен табысты қорытындыланған 2010 жылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы барысында өзінің осындай көзқарасын айрықша айқын көрсете білді. Негізінен алғанда біздің еліміздің және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке үлесінің арқасында 2015 жылы Минск келісімін бекітуге әкелген Украина дағдарысын шешу жөніндегі бейбіт келіссөздер тетігі іске қосылды, ал 2010 жылы Қырғызстандағы жағдайды тұрақтандырудың сәті түсті.
Қазақстан тарапынан ұсынылған позициялар БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутеррештің, ЕҚЫҰ Бас хатшысы Ламберто Заньердің және басқа да пікірсайысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерімен үндес шықты.
Сөйлеушілер Еуропада тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауда, сондай-ақ, дау-жанжалдарды саяси және дипломатиялық құралдармен бейбіт келіссөздер жолымен шешуде мүдделі тараптардың бірлескен күш-жігерінің маңызды екенін атап көрсетті.
Отырысқа Австрияның, Әзербайжанның, Грузияның, Германияның, Венгрияның, Молдованың, Латвияның, Литваның, Румынияның, Синегалдың, Финляндияның, Хорватияның, Швецияның сыртқы саясат ведомстволарының басшылары мен сыртқы саясат ведомстволары басшыларының орынбасарлары, сондай-ақ, БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің 80-нен астам делегациялары қатысты.
БҰҰ ҚК пікірсайысы алаңында Р.Василенко Еуропалық сыртқы іс-қимылдар қызметінің бас хатшысы Хельга Шмидпен, Венгрияның сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен қысқа кездесулер өткізді.
Сондай-ақ, БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер бойынша орынбасары Джеффри Фельтманмен кездесу болды. Кездесу барысында тараптар жаһандық күн тәртібіндегі көкейкесті мәселелер жөнінде пікір алмасып, еліміздің басты халықаралық ұйымға мүшелігінің 25 жылдығы қарсаңындағы Қазақстанның БҰҰ-мен өзара байланысы әңгіме арқауына айналды.
Р.Василенко қатысушыларға Қазақстандағы маңызды ішкі саяси өзгерістер туралы баяндады, атап айтқанда, Президенттің конституциялық реформа арқылы билік өкілеттіктерін Парламентке беруге негіз қалайтын және елдегі одан арғы демократиялық қайта құруларға жаңа серпін беретін Қазақстан халқына арнайы Үндеуінің мазмұнымен таныстырды.
Қазақстан Президентінің «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы туралы ақпарат та жиналғандардың үлкен қызығушылығын тудырды.

Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40