23 Ақпан, 2017

Бас хатшымен кездесті

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Сыртқы іс­тер министрі Қайрат Әбдірахманов Ха­лық­­аралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен кез­­десті, деп хабарлады Сыртқы істер ми­нис­трлігінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ХКБ ара­сындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мә­селелерін талқылады. Қ.Әбдірахманов Астана қа­ласында өтетін ЭКСПО-20 17 халықаралық ма­мандандырылған көрмесіне дайындық пен оны өт­кізу туралы мәлімет берді. Сондай-ақ, Қазақстанның бас дипломаты Ас­та­на көрмесі шеңберінде жоспарланған маңызды іс-шаралар туралы хабарлады. Олардың ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті мен Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және тех­нология жөніндегі бірінші саммиті өткізілетінін ерек­ше атады. Өз кезегінде В.Лоссерталес ЭКСПО-2017 көр­ме­сін ұйымдастырудағы қол жеткізілген же­тіс­тік­терді жо­ғары бағалап, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көрме аяқталғаннан кейін оның ин­фра­құрылымын пайдалану туралы бастамасының ма­ңызы зор екенін атап көрсетті. ХКБ Бас хатшының мәлімдеуінше, мұндай Ха­лық­аралық IT-стартап технопаркі, «Жасыл» тех­но­ло­гиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту жө­н­індегі орталық және «Астана» Ха­лық­ара­лық қар­жы орталығы ЭКСПО-2017 көрмесі өт­кі­зіл­ген­нен кейін де өзінің ұзақ мерзімдік оң әсерін бе­ретін болады. Сонымен қатар, халықаралық ұйым жетекшісі үс­тіміздегі жылы Экономикалық ынтымақтастық жә­не даму ұйымы, Еуропалық одақ пен Біріккен Араб Әмірліктері, Сингапур мен Малайзия елдерінің аза­­маттары үшін енгізілген визасыз режімнің ма­ңыз­дылығын атап өтті. Кездесу соңында Қазақстан сыртқы саясат­ ве­­дом­ствосының басшысы В.Лоссерталеске ЭКСПО-­­2017 халықаралық көрмесіне қаты­су­шы­ла­ры үшін­ші­ жиынының сәтті өтуіне тілектестік біл­дірді.