23 Ақпан, 2017

Аймақтың шаруашылықтарын аралады

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшелері Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру аясында Ақмола облысындағы Целиноград ауданының шаруашылықтарында болды. Сенаторлар сапарлары барысында Елбасының Жолдауынан туындайтын міндеттер аясында ветеринарлық қауіпсіздікті күшейту мәселелері бойынша алдағы шараларды талқылады. Сенат депутаттары Қос­шы ауылдық округінде, вете­ри­нар­­лық лабораторияда болып, «Астана өнім» акционерлік қо­ға­мы сүт кешенінің жұмысымен та­нысты. Келешекте экономиканың жа­ңа драй­ве­ріне айналатын аг­рарлық секторда эко­логиялық таза өнімдер мен тағамдар өн­ді­ру мақсатында кешенді іст­ер­ді қолға алу көзделіп отыр. Се­наторлар ауыл ша­руашылығы ең­беккерлерінің алдында тұр­­ған ауқымды міндеттер туралы пікір ал­масты. Сапар қорытындысы бойынша «Астана өнім» акционерлік қо­ғамы ша­руа­шылықтарының ғи­маратында об­лыс­тық ветеринария басқармасының бас­шылығы, Целиноград ау­данының және де көршілес Ар­шалы, Егіндікөл, Қор­ғалжын, Шортанды аудан­да­р­ы­ның бас ветеринар дәрігерлерінің, мемлекеттік ветеринария инспекциясы мамандарының, ауылдық округтер әкімдерінің, ауданның ветеринарлық дәрігерлерінің, мал ша­руа­шылығы ұйымдары өкілдерінің қа­ты­суымен өткен дөңгелек үстелде ветери­нария саласындағы өзекті мәселелер тал­қыланды. Аграрлық мәселелер, табиғатты пай­далану және ауылдық аумақтарды да­мыту комитетінің хатшысы Жеңіс Нұр­ғалиев Ел­басы Жолдауындағы ауыл ша­руа­шылығы мәселелері бойынша қойылып отырған міндеттер туралы айта келіп, оларды заңнамалық іске асыру жөніндегі ақпараттармен таныстырды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.