09 Сәуір, 2011

Үкімет өз міндетін атқара береді

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Тәуелсіздік сарайында өткен Елбасын ұлықтау салта­на­тынан кейін Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Конститу­ция­ның 70-бабының 1-тармағына сәйкес, Үкіметтің жаңадан сай­лан­ған Қазақстан Республикасы Президентінің алдында өз өкілеттігін тоқтататынын хабарлады. Алдымен Кәрім Мәсімов Үкі­мет мүшелері атынан Ел­басы Нұр­сұлтан Назарбаевты сайлау­да­ғы жеңісімен және Президент ретінде ресми іске кірісуімен құт­тықтады. Мен барлық Үкімет мүшелеріне бір­лесе қоян-қолтық жұмыс ат­қарған жылдар үшін ал­ғы­сымды жеткізгім келеді. Ме­ніңше, біздер Қазақстан халқына, Елбасына адал қызмет еттік. Мен осында отырған әрбіріміз осы құ­рамда жұмыс атқарған әр күніміз үшін ұялмаймыз деп ойлаймын. Біз қолымыздан келген істің бар­лығын істедік. Енді басқалар бізден гөрі жақсырақ істесін. Мен өз атымнан әріптес боп жұмыс атқарған әрбір күн үшін сіздерге үлкен рахмет айтқым келеді, деді ол. Бұдан соң К.Мәсімов Консти­ту­цияның 70-бабының 1-тар­ма­ғы­на және  Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Үкіметі туралы Консти­ту­циялық заңның 4-ба­бына сәй­кес Қазақстан Респуб­ликасының жаңадан сайланған Прези­денті­нің алдында өз өкілеттігімізді тоқ­татамыз, дей келе құжатқа өз қолын қойды. Осы күні, яғни 8 сәуірден бастап жаңа мерзімдегі президенттік қызметіне кіріскен Мемлекет бас­шысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Үкімет құрамы бекітілгенге дейін қазіргі Үкі­меттің өз міндеттерін атқара бе­ретіндігі туралы Жар­лық­қа қол қойды. Венера ТҮГЕЛБАЙ.