23 Ақпан, 2017

Кашмирде ұлан-асыр той жасауға тыйым салынды

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Үндістандық Джамму және Кашмир штатында сәуірден бастап ұлан-асыр той жасауға тыйым енгізеді: қалыңдықтың ата-аналары 500-ден артық қонақ шақыра алмайды, ал күйеу жағынан шақырылған қонақтар саны 400 адамнан аспауы тиіс, деп жазады ҚазАқпарат. Бұдан басқа, тойда ысырапқа жол бермес үшін жеті негізгі тағамнан артық ас берілмейді. Өңірлік парламент мүшелерінің бірі бұл тыйымды Үндістанның барлық аумағына таратуды ұсынды. Өкім   үйлену тойларындағы  абыр-дабыр шуға, тағамдардың ысырап болуына байланысты азаматтардан көптеген шағымдар түскен соң қабылданған. Бұл тыйым 1984 жылы енгізілген болатын, алайда жаппай наразылықтар болған соң, алып тасталған.