23 Ақпан, 2017

НАСА Жерге ұқсайтын 7 ғаламшар табылғанын жариялады

1111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

НАСА Күн жүйесіне жақын кеңістіктен өлшемі Жер шарына сәйкес келетін  7 жаңа ғаламшар табылғанын жария етті, деп жазады ВВС. Олар TRAPPIST-1 қызыл жұлдызының орбитасынан табылған және 7 ғаламшардың үшеуі тіршілікке қолайлы болуы мүмкін. Ғалымдардың айтуынша, онда судың сұйық күйде сақталуына мүмкіндік бар. Жаңа табылған жүйенің Жер шарынан қашықтығы 40 млн жарық жылына тең, бұл қашықтықты түсіндіру үшін ғалымдар оларға реактивті ұшақпен 49 млн жылда жетуге болатынын айтады. Экзопланеталар "Спитцер" атты телескоп арқылы табылған.

"Ғаламшарлар бір-біріне және жұлдызға жақын орналасқан. Бұл жөнінен олар Юпитердің серіктеріне ұқсайды. Алайда, жұлдыз өте кішкентай және суық болғандықтан, оның планеталарында сұйық күйдегі су, тіпті тіршілік те болуы ықтимал", дейді астроном Мишель Гийон.

ВВС-дің ғылым саласы бойынша шолушысы Дэвид Шукманның айтуынша, НАСА осы күнге дейін 3449 ғаламшар анықтаған. Оның айтуынша, мәселе олардың санында емес, көпшілігінің Жерге ұқсастығында. Ал жоғарыда аталған TRAPPIST-1  жұлдызы - кішкентай әрі жарық емес. Яғни, оны телескоппен көру қиынға соғады. Сарапшы енді жаңа жүйеде кислород, метан секілді газдардың бар-жоғын анықтауы керектігін айтады. Ал НАСА-ның ғылыми миссиялар бөлімі басшысының орынбасары Томас Цурбюхеннің пікірінше, "Екінші Жер табыла ма деген емес, ол қашан табылады?" деген сұраққа баса назар аудару керек.