23 Ақпан, 2017

Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еліміздің кей жерлерінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел тұрады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады. Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейіп, жаяу бұрқасын жүреді. Алматы облысының жекелеген аумақтарында түнде тұман күтіледі. Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде аздап боран соғып, тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады. Түнде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін көтеріледі. Павлодар облысының кей жерлерін де тұман басып, 15-20 жылдамдықпен жел соғады.