23 Ақпан, 2017

Бақытжан Сағынтаев бизнес өкілдерімен кездесті

91 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша еліміздің бизнес қауымдастығының өкілдерімен кездесу өткізді, деп жазады pm.kz. Кездесу барысында Қазақстанның үшінші жаңғыруының міндеттерін іске асыру мәселелері, соның ішінде экономикалық өсімнің жаңа үлгісіне ауысу, жаңа индустрияларды құру, бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту мәселелері талқыланды.