Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Сізді мыңдаған теміржолшылар атынан Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына ресми кірісуіңізбен құттықтаймыз!
Тарихи күн – 2011 жылғы 3 сәуірде Сіздің Мемлекет басшысы, дана саясаткер ретінде алға қарай табысты қайта құруларға бастай беретіндігіңізге Қазақстан халқы бірауыздан дерлік сенім білдірді.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылында Сіздің басшылығыңызбен еліміз мемлекет құруда, экономикалық дамуда, ұлтаралық келісімде, азаматтардың әл-ауқатының жақсаруында толағай табыстарға қол жеткізді.
Сізді сындарлы саясаткер ретінде әлем мойындап отыр. Әлем және қоғам көшбасшылары тұрақтылық, ықпалдастық, тату көршілік, әріптестік болашағына үмітін Сізбен байланыстырады.
Бүгінде, Сіз басқарған Қазақстан халқы Еуразия кеңістігіндегі бейбітшіл болашаққа нық қадам басып келеді.
Сізге ел экономикасының дами түсуі және гүлденуі жолында тың бастамаларды одан әрі жүзеге асыруда шын жүректен зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар МАМИН,
ҚР Теміржолшылар кәсіподағының төрағасы Оразғали АХМЕТБАЕВ.