Хоккейден Қазақстан бойынша бiрiншi мемлекеттiк жаттықтырушы Сергей Шавернев «Барыстың» Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңінде Челябіде «Трактор» ұжымына қарсы кездесуі жайлы ой бөлісті.
«Бұған дейін айтқанымдай астаналықтар үшін бұл ыңғайлы қарсылас. «Барыс» «Трактордың» жіберген барлық қателігін тиімді пайдалана білді. Өздеріңіз көргендей Константин Пушкарев осы маусымдағы ең жылдам гол соқты. Бірақ Дастин Бойд, Найджел Доус орайы келген тұстарды жібере қоймайтын тіс қаққан спортшылар. Есеп 3:0 болған кезде қорғанысқа көбірек көңіл бөлді. Бұл да өз кезегінде нәтижесін берді», – деді Шаварнев.
«Алғашқы ойынды негізгі уақытта ірі есеппен жеңгенге не жетсін! Плей-оффта басын жеңіспен бастау маңыздырақ. Бұл «Барыс» ойыншыларының бойына сенімділік ұялатты. Бірақ алдағы матчта «Трактор» есе қайтаруды ойлайды. Босаңсуға болмайды», – деді ол.
«Барысты фаворит деп айтуға болар ма еді. Бірақ бірінші ойынды өткізе салып мұндай шешімге келген дұрыс емес. Екінші матчты ұтқанның өзінде үлесі 50-50 болады. Бұл хоккей, мұз айдынында біз ойламаған жайттар болуы мүмкін», – деді экс-жаттықтырушы.
Айта кетейік, қос команданың арасындағы алғашқы матчта «Барыс» «Тракторды» 5:2 есебімен жеңген. Елордалықтар сапынан Константин Пушкарев, Найджел Доус, Дастин Бойд, Брендэн Шиннимин, Владимир Меркелев алғашқы екі кезеңде мергендігімен танылса, «Трактор» әупірімдеп жүріп соңғы 20 минутта Виталий Кравцовтың және Юрий Петров көмегімен есеп айырмашылығын қысқартты.
Келесі ойын ертең Челябіде 17:30-да (Астана уақыты бойынша) басталады. Тікелей эфирден KazSport арнасы көрсетеді. Ал келесі екі ойын Астанада өтеді.
Елордалық ұжым плей-оффқа осымен сегізінші рет қатысып отыр. Өткен жылды есепке алмағанда бұл кезеңге 2008/2009 маусымынан бері шығып жүр.

Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40