Өткен ғасырдың 70-жылдары сахнаға жарқ етіп шығып, бүкіл Кеңес Одағын қазақ әуенімен әуелеткен үш Татьяна елдің есінен әлі күнге шыға қойған жоқ. Татьяна Бурмистрова, Татьяна Полтавская және Татьяна Мартыненко. Әйтсе де, ел қуана қабылдаған үш қыздың өнер жолдары ұзаққа бармады. Тыңдармандары көбейген сәтте сахнаны орта жолдан тастап кетті. Тек араға жылдар салып, Татьяна Бурмистрова ғана қолына домбырасын қайта алып, ел аралап концерт берді.
– Жастайымнан қазақтың ән-күйіне, домбыраға ғашық болдым, – дейді Татьяна бізбен әңгімесінде. – Мені өнерге жетелеп әкелген де осы құштарлық. Әйтпесе, осы күнге дейін нота білмеймін, яғни музыкалық сауатым жоқ. Негізгі мамандығым дәрігер екені елге мәлім. Кезінде екі Татьянаның басын қосып, әйгілі трионы құрған өзім едім. Бір кездері ән салуды тоқтатып, дәрігер болып қызмет еткенім рас. Сонда бір ақсақал маған былай деп еді: «Сен адамдардың тәнін емес, әніңмен жанын емде». Сонда халықтың мені дәрігер емес, әнші Татьяна ретінде жақсы көретінін, іздейтінін сездім. Содан бастап шығармашылығымды қайта қолыма алдым. Ақтөбе, Алматы, Шымкент қалаларында шығармашылық кештерімді өткіздім. Алматыда «Ұлттық өнер» деген орталығым бар. Білесіз бе, бұрынғы жылдарға қарағанда, қазір шақыртулар көп аламын. Мұның бірден-бір себебі, халық дәстүрлі өнерді сағынды. Еліктегіш қызыл дүние өтті. Енді жұрт төл туындыларын, ұлттық мұраларын іздей бастады. Сондықтан мен секілді дәстүрлі әншілерге қазір жалқаулықты қойып, бас көтермей жұмыс істеу қажет. Сахнада жарқырап жүріп, ұлттық өнерді насихаттайтын нағыз уақыт келген секілді.
– Сізді қазақтың салт-дәстүрін мықты ұстанады дейді ғой...
– Оныңыз рас. Менің туған жерім алақандай Алғабас ауылы нағыз қазақтың қаймағы бұзылмаған өлке. Ауыл балаларымен ойнап жүріп қазақ тілін үйреніп, үлкендерден дәстүрді бойыма сіңіріп өстім. Көптеген өзге ұлттың өкілдері «біз де сіз сияқты қазақша таза, жүйрік сөйлегіміз келеді. Қалай үйренсем болады?» деп сұрап жатады. Менің қазақ тілін үйренгісі келетін жандарға айтарым, қазақ поэзиясын оқу керек. Себебі, поэзияда сөздің сұлулығы тұнып тұр. Бірде гастрольдік сапарда бір кісі: «Мен сіздің тұрақты тыңдарманыңызбын. Мүмкін болса немере қызымның тұсауын сізге кестіртейін деген едім», деп өтініш жасады. Сонда мен: «Кешіріңіз, біздің ауылда қыз баланың тұсауын кеспейді. Егер кессе, кезбе болып кетеді деген ырым бар. Бүгін сіздің өтінішіңізді орындасам, ертеңгі күні қызыңыз аяғына тас байлап қойса да үйде отырмаса қайтемін? Одан да жолымды басқаға берейін», дедім. Расымен де өскен ортамнан көрген салт, ырымдарды үнемі ұстанып жүремін. Және де білгенімді өзгелермен бөлісіп жүргенді ұнатамын.
– Сіз сахнаға оралғалы бері ел көкейінде баяғы атағы дүркіреген үштік қайта құрала ма деген үміт пайда болды...
– Менің де, халықтың да қалауы осы еді. Бірақ Полтавская мен Мартыненко өнерден қол үзді. Турасын айтқанда ән салғылары келмейді. Дегенмен, 2013 жылы араға бақандай 30 жыл салып Алматыда үшеуміз бас қосып, ел алдында концерт бердік. Өткен-кеткенді еске алып, бір жасап қалғанымыз анық. Ендігі жоспарым өзге ұлттың қыздарын жаныма ертіп жүрсем деймін. Осы ретте айта кетейін, қазақша ән салып жүрген таланттардың құлағына алтын сырға, егер маған шәкірттікке ұмтылған жастарға ұстаз болуға дайынмын. Себебі, мені де ертең іздейтін, үлгі тұтатын ізбасарлар қажет. Сондықтан, алдағы күндері сахнаға Татьяна болмаса да Наташа, Светалармен бірге шығып қалуым мүмкін.
Әңгімелескен
Айнұр АСАНҚЫЗЫ
Оңтүстік Қазақстан облысы
• 24 Ақпан, 2017
Дәстүрлі әнші Татьяна Бурмистрова: Қазақтың ән-күйіне ғашық болдым

Азық-түлік шығыны қай өңірде ең жоғары?
Қоғам • Бүгін, 13:38
Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады
Президент • Бүгін, 13:13
Жамбыл облысының жұртшылығы Жаңа Конституциялық жобаға қолдау білдірді
Референдум • Бүгін, 13:03
2027 жылы Астанада «Тельман» газ жылу стансасы іске қосылады
Үкімет • Бүгін, 13:01
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
Сталкинг: Қызылордада бойжеткенді аңдыған азамат 25 тәулікке қамалды
Аймақтар • Бүгін, 12:47
Қысқы Олимпиада: Сарапшы кімдерді жүлдеге лайық деп санайды?
Қысқы спорт • Бүгін, 12:34
Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімде сарбаз соққыға жығылды: Қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:17
ҚазҰУ мен Сингапур технологиялық альянс құрды
Университет • Бүгін, 12:09
Шайдоров әлемдік БАҚ назарында
Олимпиада • Бүгін, 12:06
АҚШ елшісі: Дипломаттардың қазақ тілін үйренуге қызығушылығы артып келеді
Саясат • Бүгін, 11:56
Қарағандыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады: Зардап шеккендер бар
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:47
Президент тапсырмасы: 4 жас ғалым баспаналы болды
Ғылым • Бүгін, 11:45
Қызылордада жүргізуші куәлігінен айырылған 15 азамат қайтадан жол ережесін бұзды
Аймақтар • Бүгін, 11:40
Катонқарағай паркіне қуатты өрт сөндіру техникалары жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 11:36