Даму жолындағы бағдаршам
Тәуелсіз Қазақстан соңғы жиырма бес жылда соқтықпалы-соқпақсыз қиыр-қиыр сан тараулы жолдардан аман-есен өтіп, есейген шаққа шалдықпай жетті. Мажарстандағы аттөбеліндей қазақ диаспорасы осының бәріне сырттай куә болып, Мәңгілік Еліміздің жасампаз жетістіктеріне шын жүректен қуанып келеді. Биылғы Жолдауды назар аудара отырып оқысақ, қоғамның барлық саласын қамтыған. Оған атсалысу, елдегі және шеттегі қазақстандықтардың парызы. Елбасы бұл Жолдауында татулық пен тұрақтылықтың ел дамуында маңызы зор екендігін баса айтыпты. Біз Қазақстандағы тарихи біртектілік пен татулықты сақтауға өз үлесімізді қосып, осы бағыттағы жұмыстарды насихаттаймыз. Әсіресе, Жолдаудағы 5 басым бағытты жүзеге асыруға үн қосамыз. Елбасымыз осы стратегиялық құжатында ғылымның дамуына ілесу, жаһандық бәсекеге қабілетті болу, тың жаңалықтар ашу қажеттігін атап көрсеткен екен. Мажарстандағы қазақ диаспорасы Қазақстандағы барлық саяси өзгерістер мен жаңашылдықтарды қалт жібермей бақылап келеді. Сондықтан Елбасы Жолдауының тәуелсіз Отанымыздың даму жолындағы бағдаршам боларына кәміл сенеміз. Оңайша Мақсұмқызы МАНДОКИ, түркітанушы Мажарстан, БудапештЖас ел үшін жақсы нышан
Саяси билікті қайта бөлу ол әрқашанда қоғамды демократияландыру жолындағы оң қадам болып табылады. Президентте жинақталған барлық саяси билікті Парламентпен және Үкіметпен бөлісу Қазақстан сияқты айтарлықтай жас ел үшін демократияны дамыту жолында елдің ілгерілеп келе жатқандығын білдіретін оң белгі болып табылады. Бұл тарихи шешімнің халықаралық қоғамдастықтың елге деген сенімін арттыра түсетіні анық. Нәтижесінде, Қазақстанның әлемдік аренадағы беделі мен саяси имиджі де одан әрі көтерілетіні айтпаса да түсінікті. Неғұрлым қуатты Парламент пен жауапкершілігі және өкілеттілігі кеңейтілген Үкімет қызметі Қазақстан халқының мүддесі үшін одан әрі тиімді болады. Мен Қазақстанға аталған реформаны жүзеге асыруда сәттілік тілеймін. Гугунг ГУМИЛАР, Демократия және білім беру институтының құрылтайшысы/атқарушы директоры, (Индонезия)