24 Ақпан, 2017

Өзара әріптестікті дамытуға уағдаласты

187 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпыс­баев Ханойда Вьетнамның көлік министрі Чыонг Куанг Нгия мен «Вьетнам темір жолы» МК бас ди­ректоры Ву Та Тунгпен кездесіп, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы көлік саласындағы серік­тес­тікті дамыту туралы уағдаласты, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың баспасөз қызметі. Кездесуге Қазақстанның «Ауыл шаруашылығы өнім­дерін экспорттау қау­ым­­дас­тығы» ЗТБ мен «Аз­ық­­­ түлік корпорациясы» ҰК» АҚ өкіл­дері қатысты. Кез­­десуде та­рапт­ар өзара ха­­­лықаралық та­сы­малдау мен логистикалық қыз­метті бел­­сенді жүргізу жайы тал­қы­ланды. Оның ішінде Қазақстан Вьетнамнан Қытай арқылы келетін тау­ар­ларды жасақтау мен та­ра­тудың ор­та­лығы болып, өнімдерді ЕАЭО елдері мен Еуропаға шы­ғаруды қа­растыра алады. Оны кері қарай да та­сы­мал­дауға мүд­делі. Сонымен қатар, Вьет­на­м­­ның Дундань ше­ка­ра­лық өт­келінен Қытайдың Пэн­сен – Достық және Ал­тын­­көл (Қазақстан) с­танса­ла­ры арқылы Орта­лық Азия, ЕАЭО елдері мен Еу­ропаға шығарады. Атап өтер­лі­гі, ЕАЭО мен Вьет­­нам ара­сындағы Еркін сау­­да айна­лы­мы жөніндегі ке­­лі­сімге сәй­кес, 2020 жыл­дар­ға дейінгі сыртқы тауар ай­на­лы­мын 4 млрд дол­лар­дан 10 млрд долларға же­т­­­­кізу көз­деліп отыр. Қа­зақ­­­стан та­рапы жүктерді ал­­­ғашқы қа­натқақты жоба бойын­ша Қазақстан – Қытай кон­тей­нер­лік терминалын пай­да­ла­на отырып, Лянь­юнь­­ган порты арқылы Хо­ши­минге жет­кізді. Келіссөздер нәтиже­сін­­­­де, Қазақстанның ауыл ша­руашылығы өнімдерін Вьет­нам нарығына шыға­рып, осы елдің тропи­кал­ық және те­ңіз өнім­де­рін Қазақстанға жет­­кі­зу жос­пар­ланып отыр. Та­­рап­тар екі ел арасындағы ауыл ша­руашылығы өнім­дері та­­сы­малының артуы жалпы жүк тасымалының өсуіне ық­­палын тигізе­тін­дігіне с­е­німді. Кездесу соңында «Қа­зақ­­с­тан темір жолы» ҰК» АҚ пен «Вьетнам темір жолы» МК арасында Қазақ­стан­ның Вьетнамдағы ел­ші­­сі Б.Жұмахановтың қа­ты­­суы­мен Серіктестік ту­р­а­­лы ме­мо­рандумға қол қой­ылды.