25 Ақпан, 2017

Азиада-2017: Қазақстанның хоккейші қыздары жарысты қола медальмен аяқтады

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азиада ойындарында Қазақстанның хоккейші қыздары Азиада ойындарының қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат. Хоккейші қыздарымыз бүгін Таиланд құрамасымен қола медальді сарапқа салған болатын. Аса тартысты өткен бәсекеде жерлестеріміз қарсыластарын 8:0 есебімен ойсырата жеңіп қола жүлдені жеңіп алды. Естеріңізге сала кетейік, осыған екі күн бұрын хоккейші аруларымыз Гонконг құрамасымен кездесіп, оларды 19:0 есебімен ойсырата ұтқан еді. Бұл - спортшыларымыздың  VІІІ қысқы Азиада ойындарындағы үшінші жеңісі. Гонконг құрамасының алдында Оңтүстік Корея құрамасын 1:0 есебімен жеңген болатын. Отандастарымыз тек, Жапония мен Қытай құрамасынан ұтылып қалды. Жапондарға 6:0 есебімен ұтылса, қытайға 8:3  есебімен есе жіберген.