26 Ақпан, 2017

Азиада-2017: Биатлоншыларымыз бір алтын, бір күміс, бір қола медаль жеңіп алды

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарының соңғы күні биатлоншыларымыз бір алтын, бір күміс, бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Биатлоншы қыздарымыз 12,5 шақырымдық масс-старт жарысында басты үш жүлдеге ие болды. Алтынды Галина Вишневская жеңіп алса, күміс пен қола қазақстандық Алина Райкова мен Дарья Усановаға қанжығаларына байлады. Айта кету керек, бұл - Вишневскаяның осы Азиададағы төртінші «алтыны». Осыған дейін ол спринтте, із қуалау мен аралас эстафетада бірінші орын алған болатын. Жеңімпаз жүлдегерлеріміздің көрсеткіштері: 1. Галина Вишневская (Қазақстан) - 39:26.6 (0+1+0+0) 2. Алина Райкова (Қазақстан) - +44.4 (0+0+1+0) 3. Дарья Усанова (Қазақстан) - +1:33.1 (0+1+1+3) 9. Анна Кистанова (Қазақстан) - +4:26.0 (2+1+3+0).