ХХ ғасырдың басында жарық көрген Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» (Орынбор, 1909), Байбатыр Ержанұлының «Тұр, қазақ!» (Қазан, 1914) және Әбілқасым Арғынидің «Жатпа, қазақ!» (Ташкент, 1917) кітаптарының жуырда қайта басылып шығуы – елеулі рухани оқиға. Басылымдарды қазіргі емлеге түсіріп, баспаға әзірлеген және алғысөзін жазған – шығыстанушы-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Төрәлі Қыдыр көп ізденіс жасаған. Зерттеу жұмыстары Қазан университетінің (Татарстан) Н.И.Лобачевский атындағы Ғылыми кітапханасының қорында, Алматыдағы Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар және сирек кітаптар бөлімінде жүзеге асқан. Кітаптар араб қарпімен басылған литографиялық нұсқалар бойынша дайындалған. Бұл оңай шаруа емес. «Оян, қазақ!» пен «Тұр, қазақтың» екінші басылымдары негізге алынса, «Жатпа, қазақтың» алғашқы басылымы кәдеге жаратылған. Осыдан 100 жыл бұрын ұйқыда жатқан қазақ рухын тірілтуге тырысқан Міржақып Дулатұлының «Оян, қазағының» әсерімен «Тұр, қазақ!», «Жатпа, қазақ!» кітаптарының жазылуы тегін емес еді. Олардың құрылымы, көтерер тақырыбы мен ішкі мазмұны «Оян, қазақтың» жалғасындай болып қабылданады. Көркемдік деңгейлері түрлі болғанымен, Байбатыр Ержанұлы мен Әбілқасым Арғынидің сөз саптауы, жазу мәнері мен ой орамдарындағы айшықтардың басты концепті бір еді. Ол – қазақтың санасын ояту. Кітаптың кіріспесінде айтылғандай, парсы әдебиетінің классигі Жәләләддин Руми «Ұйқыда жатқан халықты ояту үшін бір адамның ояу болуы жеткілікті» деген екен. Өз заманынан озық туған ұландар елінің қамын жеп, қараңғы зұлматтан жарық нұрға алып шығуды көздеген. Қолдарына қару емес, қалам ұстап, халықтың санасына сәуле себуге тырысқан. Міржақып, Байбатыр һәм Әбілқасым да надандық шеңгеліндегі жұртын «оян», «тұр», «жатпа» деп ұрандатып, оятуды қалады. Үш ақын да қоғамда қордаланып қалған ел, жер, дін, білім мәселелерін көтерді, жыр жолдарымен жарқын болашаққа үндеді. Бүгінгідей жаһандану заманында өзінің ұлттық қайнарлары мен құндылықтарына тереңірек үңілген бүгінгі ұрпақтың өткенге қайырылып көз тастауына бұл үш кітаптың да септесетіні анық. Айгүл ІСІМАҚОВА, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор
Қоғам • 27 Ақпан, 2017
Ояну дәуірінің үш кітабы қайта басылып шықты
6 млрд теңге жымқырған құрылыс компаниясының басшысы ұсталды
Оқиға • Бүгін, 19:44
Елена Рыбакина WTA рейтингінде өз орнын сақтап тұр
Теннис • Бүгін, 19:22
Франсис Пуленктің «Адам дауысы» монооперасы алғаш рет қазақ тілінде қойылады
Мәдениет • Бүгін, 19:00
Бас редакторлар клубы жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді
Ата заң • Бүгін, 18:40
Мұқағали рухына арналған тағылымды кеш өтті
Поэзия • Бүгін, 18:25
Алматылық жастар жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 18:15
Мәулен Әшімбаев: Мемлекет басшысының реформалары жалпыұлттық бірлікті талап етеді
Сенат • Бүгін, 17:59
Қазақстанда бір палаталы Құрылтайды ықтимал тарату тетігін неғұрлым икемді ету ұсынылды
Ата заң • Бүгін, 17:58
Халықаралық заңгерлер қауымдастығы: Жаңа Конституция жобасы халықаралық стандарттарға сай
Ата заң • Бүгін, 17:48
«Ардагерлер ұйымы» жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 17:32
Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды
Құқық • Бүгін, 17:25
Марат Шибұтов: Ата заң жобасы жалпыхалықтық референдумға шығаруға дайын
Ата заң • Бүгін, 17:20
Президент Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің басшысын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:16