Орталық коммуникациялар қызметінде Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Марлен Айнабеков көктемгі кезеңде құс атуға тыйым салынатыны туралы айтты.
– Жақында Зоология институты мен Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы көктемгі аң аулауда тыйым салу бойынша биологиялық негіздеме жасады. Осыған байланысты көктемгі кезеңде жабайы құстарды атуға тыйым салынатын болады. Өйткені, 2012 жылдан бастап елімізде құстардың саны 2 млн-ға азайып кетті. Ал күз және қыс кезінде құс атуға тыйым салынбайды. Көктемгі аң аулауға тыйым салу жабайы құстар санының өсімін сақтап қалуға мүмкіндік береді, – деді ол.
Оның айтуынша, қазір браконьерлердің саны көбейіп барады. 2015 жылы көктемгі аң аулау кезеңінде 636 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелсе, былтыр 758-ге жетті. Яғни, заңнан айналып өтіп, жабайы құстарды атып жатқан браконьерлер көбейіп кетті. Қазір қолда бар мәліметтерге қарағанда, аңшылардың саны – 150 000. Бұл ресми тіркелген, заңды құжаты бар азаматтардың саны.
Кездесуде жабайы құстардың тағдырына алаңдаған Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі 16 ақпаннан бастап 14 маусымға дейін көктемгі аң аулауға тыйым салынатынын айтты.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан»

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше