Сахнаға күлімдеп шыққан үш жасар Валерий тақпағының екі-үш жолын айтқан соң күрт тоқтады да, «Менің жазылып кеткім келеді!» деп кішкентай саусақтарының ұшымен көзін
сүртіп, жылап жіберді. Бүлдіршін осы сөздері арқылы бүкіл әлемнен көмек сұрап, мұңын шағып тұрғандай еді. Бұл жан тебірентерлік көріністен көзіне жас алмаған адам болмаған
шығар залда, сірә...
Халықаралық ракпен ауыратын балалардың ата-аналары конфедерациясының (ICCCPO) бастамасымен жыл сайын ақпан айының ортасында әлемнің 40-тан астам елінде Халықаралық ракпен ауыратын балалар күні аталып өтеді. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының балалар бөлімі мен психологиялық-әлеуметтік көмек бөлімі қатерлі ісік дертіне шалдығып, ем алып жатқан балалардың көңілін көтеру мақсатында «Менің қолымнан ұсташы!» атты арнайы іс-шара өткізді.
«Ауыр науқасқа шалдыққан бала мен оның отбасы өз қайғыларымен бетпе-бет қалмауы тиіс. Біз – дәрігерлер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, мұғалімдер ауруханадағы әрбір баланың, олардың ата-анасы мен туыстарының қолдау мен қамқорлықты сезіне алуы үшін қолымыздан келгенді аянып қалмауға тиіспіз. Оларға жан жылуымызбен, махаббатымызбен сүйеу болып, баланың дерттен айығып кетуіне, өмір сүруге деген талпынысын арттыруға ұмтылудамыз», деді жиында сөз алған психологиялық-әлеуметтік көмек бөлімінің жетекшісі Ильмира Хусаинова.
Статистикаға сүйенсек, еліміз бойынша әр түрлі ісік ауруларына шалдығып, есепке тіркелген 14 жасқа дейінгі балалар саны 2015 жылы 1631 болса, 2016 жылы 1591 болған. Олардың ішінде 427 баланың диагнозы алғаш рет 2015 жылы анықталса, 346 баланың ракпен ауыратыны өткен жылы белгілі болыпты. Дәрігерлердің айтуынша, балалар арасында, әсіресе, қан түзу мүшелері рагы алдыңғы орынға шығып отыр. 2016 жылы 143 бала (2015 ж. – 1631) осы дертке шалдықса, 70 балаға (2015 ж. – 77) ми ісігі диагнозы қойылған. Сонымен қатар, өткен жылы 28 бала бүйрек рагына (2015 ж. – 23), 18 бала (2015 ж. – 24) дәнекер және жұмсақ тіндер рагына, 14 бала (2015 ж. – 18) сүйек және буын шеміршегі рагына шалдыққан. Ал 14 жасқа дейінгі балалар арасында қатерлі ісік салдарынан 2015 жылы 135 бала, 2016 жылы 148 бала көз жұмған.
Дегенмен, аты жаман аурумен күрестегі дәрігерлердің ерен еңбегі мен ата-аналарының қажырлы қайратының арқасында дертінен айығып, құлан-таза сауығып кеткен балалар да баршылық. 12 жасар Миша Нижниковтің әжесінің айтуынша, немересі мектепке барар шағында рак ауруына шалдығыпты. «Мұрны жиі қанай берген соң гайморит шығар деп дәрігерге апарғанбыз. Сөйтсек, мұрын қуысы рагы екен... Қаншама ауыр операциялар мен химиялық ем-домнан өттік. Бәрінің артта қалғанына шүкір. Баламның күліп, аман-есен жүргенінен артық бақыт жоқ. Оны емдеген дәрігерлерге мың алғысымды білдіремін», – деген Лариса Михайловна тиісті әрі қажетті, ең бастысы, уақтылы ем-дом алудың арқасында қауіпті дерттен айығудың мүмкін екендігін айтады.
Халықаралық ракпен ауыратын балалар күніне орай ұйымдастырылған арнайы шарада танымал әншілер ғана емес, науқас балалардың өздері де өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, тақпақ айтты. Әншілік дарынымен айрықша көзге түскен Сламбек Қабратұлы, Аружан Тоқан, Альбина Жүнісқалиева сияқты талантты балалар жиналған қауымның ыстық ықыласына бөленді. Мерекелік шара барысында «Үміт ету! Сену! Өмір сүру!» атты фотокөрме, сондай-ақ, балалардың қолөнер туындылары көрмесі өтті. Шараны ұйымдастырушылар тарапынан балаларға түрлі сыйлықтар табыс етілді.
Мира БАЙБЕК,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Шымкентте балаларын қорлаған анаға сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 18:25
Ақтөбе облысында орман қорының аумағы 30% ұлғайды
Қоғам • Бүгін, 17:51
Шымкентте Қазақстанның цифрлық экономикасының болашағы талқыланып жатыр
Технология • Бүгін, 17:47
Елордалық оқушы Гарвард университетіне оқуға түсті
Білім • Бүгін, 17:43
Жанармай нарығының болашағы: Сарапшылар баға қалыптастырудың сын-қатерлерін талқылады
Экономика • Бүгін, 17:35
Қазақстанда 176 мыңнан астам адам жұмыстан кеткісі келеді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 17:07
Көктемгі әскерге шақыру: Өтінімді енді онлайн беруге болады
Қоғам • Бүгін, 16:19
ЖИ және мемлекеттік қызметтер: AlemGPT сервисінің мүмкіндіктері қандай?
Технология • Бүгін, 16:10
Флорида жағалауынан құны 1 миллион доллар болатын көне қазына табылды
Әлем • Бүгін, 15:53
Алматыда кәсіпкерлерге қысым көрсетпек болған қаруланған топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 15:48
Солтүстік Қазақстан облысында соңғы екі айда жол апатынан 10 адам қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 15:42
Иран Ормұз бұғазында тағы бір мұнай танкерін жойды
Әлем • Бүгін, 15:23
Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылға сотталды
Заң • Бүгін, 15:03
Премьер-министр жасанды интеллектіні дамытудың негізгі бағыттарын атады
Технология • Бүгін, 14:51