Еліміз соңғы 25 жылдың ішінде бірқатар қиын кезеңді басынан кешірсе де, өзін тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзіне таныта білді. Бүгінгі жаһандық әлемнің бір бөлігі болғандықтан, көрші және басқа да мемлекеттермен қарым-қатынасымызды жандандырып, ел экономикасын дамытуға әрекет ету өте маңызды.
Президенттің 2017 жылы 31 қаңтардағы халыққа Жолдауында елімізді әрі қарай дамыту үшін Үкіметке не істеу керектігі нақты көрсетілген. Айта кетсек, Жолдауда әлеуметтік-экономикалық бағыттағы жұмыстарды дұрыс жүргізудің нәтижесінде халықтың жағдайы жақсаратыны анық айтылған. Әсіресе, жағдайы төмен халықты урбанизация үдерісімен қамту және де «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 1,5 миллион отбасын пәтермен қамтамасыз ету жұмыстары аса маңызды болып табылады.
Әрине, бұл істер мемлекеттің дамуына, оның ішінде халықтың әл-ауқатының артуына ерекше әсер ететіні айдан анық. Сонымен қатар, бұл әрекеттер жаңа инфрақұрылымның, жұмыс орындарының пайда болуына және қалалардың әлеуметтік қана емес, архитектуралық жағынан көркеюіне септігін тигізетіні талассыз. Қалалардың өсіп-өркендеуіне тұрғындармен бірге зор әсерін тигізетін тұлғалар – жеке кәсіпкерлер. Олардың бюрократиясыз жұмыс істеулеріне және өздерін әрі қарай дамытуларына мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектер Жолдауда нақты айқындалған.
Осы іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету үшін жұдырықтай жұмылып жұмыс істеу – әрбіріміздің парызымыз.
Ермағамбет БИЖАНОВ,
«Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, Берлин техникалық
университетінің магистранты