Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божконың қатысуымен, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаровтың жетекшілігінде «Органикалық өнім өндіру туралы» («100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 60 және 61-қадамдары шеңберінде) деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына депутаттық корпустың, уәкілетті мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «KAZFOAM» Органикалық ауыл шаруашылығы үшін қозғалысы Қазақстан федерациясы, «Органикалық егіншілік қуымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі, Қазақстан Республикасы аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты сияқты үкіметтік емес сектордың өкілдері, сондай-ақ органикалық өнім өндірушілері қатысты.
«Органикалық өнім өндіру туралы» 2015 жылғы 27 қарашада қабылданған Заңды іске асыруға бағытталған министрлік қабылдап жатқан шаралар туралы негізгі баяндаманы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов жасады.
Өкінішке қарай, бүгінгі таңда сертификаттау өткізу үшін мүмкіндік жоқ. Стандарттарды әзірлеуден бастап мамандарды оқытуға дейін – оның барлық жүйесін жасау қажет. АӨК-ті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бірқатар іс-шара атқару көзделген», деді вице-министр.
Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Айқын Қоңыров – өзінің қосымша баяндамасында осы кезеңде саланы дамытуға кедергі келтіретін негізгі проблемалық мәселелерді атап өтті. Одан басқа, отандық сала мамандарының пікірлері тыңдалды, олар да проблемалық сәттерді белгілеп, органикалық өнім өндіру және олардың айналымы саласындағы міндеттерді шешудегі өз көзқарастарын ұсынды.
Дөңгелек үстел отырысы барысында мүдделі министрліктер мен ведомстволардың өкілдері сөз сөйлеп, Қазақстандағы органикалық өнім өндіру және олардың айналымы саласындағы өзекті мәселелер мұқият талқыланды. Нәтижесінде отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті ұсыныстар жіберілді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.