12 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №139

436 рет
көрсетілді
25 мин
оқу үшін

2011 жылғы 15 ақпан, Астана, Үкімет Үйі

Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидасын бекіту туралы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 45) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидасы бекітілсін.

2. «Жер қойнауын пайдалану, қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген зиянды есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 тамыздағы № 796 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 31, 338-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

______________

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 ақпандағы № 139 қаулысымен бекітілген

 

Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидасы

1. Жалпы ережелер

1. Осы Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Рес­публикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленген және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау тәртібін анықтайды.

2. Осы Қағида меншік нысанына қарамастан, барлық жер қойнауын пайдаланушыларға қолданылады.

3. Жер қойнауын ұтымды пайдалану сала­сындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау жер қой­науын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның жер қойнауын зерттеуге және пай­далануға мемлекеттік бақылау жүргізуі бары­сында залалды анықтау фактісі бойынша жүзеге асырылады.

Жер қойнауын ұтымды пайдалану сала­сындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушымен бірлесіп айқын­дайды.

4. Залалдың мөлшерін айқындауға байла­ныс­ты туындайтын дауларды Қазақстан Рес­публикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен сот шешеді.

2. Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау

5. Жер қойнауын ұтымды пайдалану сала­сындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшері техникалық-экономи­калық есептемелерге негізделген, экономикалық негізді, болмай қоймайтын және қабылданған әдістермен және алғашқы қорларды игеру және оларды бастапқы өңдеу жүйелерімен техноло­гиялық байланысты шығындардан деңгейі асып түсетін пайдалы қазбалар қорларын игеру және өңдеу кезіндегі нақты ысыраптың көлемі негізге алынып айқындалады және жер қойнауын пайдаланушының есепті кезеңде өнімді сатудың орташа бағасы бойынша құндық мәнде айқындалады.

6. Жер қойнауын пайдаланушы есепті кезеңде өнімді сатпаған жағдайда, өнімнің құны мұндай сату орын алған өткен кезеңдегі сатудың орташа бағасы негізге алынып айқындалады. Бағаның ресми белгіленімі бар пайдалы қазбалар бойынша осы белгіленімдерге сәйкес есепті кезеңдегі олардың орташа құны қолданылады.

7. Залалдың мөлшері осы Қағидаға қосым­шаға сай мысалдарға сәйкес айқындалады.

8. Деңгейі техникалық-экономикалық есептемелерге негізделген, экономикалық негізді, болмай қоймайтын және қабылданған әдістермен және қорларды игеру және бастапқы өңдеу жүйелерімен технологиялық байланысты ысы­рап­тан пайдалы қазбаларды игеру және бастапқы өңдеу кезіндегі нақты ысыраптың асып түсуі (бұдан әрі – нормативтен тыс ысыраптар) мынадай көлемдерден болады:

пайдалы қазбалардың баланстық қорларының пайдалы қазбаның баланстық қорлары дұрыс есептелген және оларды жер қойнауынан өндіру толықтығын бастапқы есепке алу мүмкін бола­тын бір тектес тау-кен-геологиялық жағдай­лармен бір жүйеде игерілетін жер қойнауының әрбір бөлігі бойынша белгіленген нормативтік ысыраптардан тыс ысыраптар, сондай-ақ кез келген негізсіз ысыраптар;

баланстық, сондай-ақ жер қойнауын ұтымды пайдалануды ескере отырып, пайдалы қазбалар­дың кен орындарын экономикалық рентабельді игеруді көздейтін жобалау құжаттарын бұзудың және осы бұзулардан туындаған авариялардың нәтижесінде пайда болған пайдалы қазбалардың баланстық қорларын селективті алуға және қоймаға жинауға көзделген шығындар;

алаңы мен қуаты бойынша толық алмаудың, қаттарды, (кен шоғырларын) өңдеу мен жақын­дас­тыру­дың, қорларды есептен уақтылы шығар­маудың, тау-кен әзірлемелерін уақытынан бұрын жабудың салдарынан жер қойнауында қалды­рылған қорлар;

игеру (өндіру) бойынша талаптарды бұзу салда­рынан туындаған жер қойнауында сулану­дың, жанудың салдарынан туындаған пайдалы қазбалардың баланстық қорларының немесе өндірілген пайдалы қазбалардың ысыраптары;

пайдалы компоненттері неғұрлым бай кен орындарының оңай қол, жеткізілетін учаскелерінде өндірудің салдарынан рентабельді өңдеу мүмкін емес болатын пайдалы қазбалардың баланстық қорларының ысыраптары;

кәсіпшілікте өндіру, жинау, тасымалдау және дайындау кезінде мұнайдың, табиғи және ілеспе мұнай газының, газ конденсатының келісілген ысыраптар нормаларынан тыс ысыраптар;

игеру (өндіру) жөніндегі талаптарды бұзу салдарынан туындаған кен орындарын игерудің жобалау құжаттарында немесе технологиялық схемаларда көзделген технологиялық режимін сақтамаудың, сондай-ақ мұнай мен газдың құбыр сыртындағы және құбыр арасындағы кеңістік арқылы жоғары жатқан белдеулерге қатаралық ағылуының салдарынан мұнайдың, табиғи газдың, басқа пайдалы қазбалар мен компонент­тердің бекітілген алынатын қорларының ысыраптары;

ілеспе мұнай газын, газ конденсатын алудың және кәдеге жаратудың бекітілген нормативтерін сақтамау салдарынан олардың ысыраптары;

кен орындарын уәкілетті органдардың рұқса­тынсыз өнеркәсіптік игеру кезінде жағылатын табиғи және ілеспе мұнай газы;

жағуға рұқсат етілген көлемінен тыс жағыл­ған табиғи және ілеспе мұнай газы;

жобалық көрсеткіштермен салыстырғанда қайта өңделетін шикізат сапасының өзгерістері мен ауытқуларына және қайта өңдеудің техно­логиялық тәртібінің бұзылуына байланысты минералдық шикізатты, аралық өнімдерді (жар­тылай фабрикаттарды), байыту қалдық­тарын, шөгінділерді, қождарды бекітілген нормативтерден тыс бастапқы қайта өңдеу кезінде қатты пайдалы қазбалардың және олардың құрамын­дағы пайдалы компоненттердің ысырап­тары.

9. Мұнай-газ және газ конденсаты кен орындарын пайдалану кезінде мұнайдың, конденсат пен газдың, оның ішінде ілеспе (еріген) газдың нормативтен тыс қаттық ысыраптары қорларды есептеген кезде қабылданған алу коэффициентінен ауыт­қу­лармен анықталады.

10. Газды жағу кезіндегі нормативтен тыс ысыраптар қорларды есептеген кезде қабыл­данған компоненттердің құрамы негізінде пай­далы қазбалардың мемлекеттік балансында тұрған газдың компоненттік құрамы бойынша анықталады.

11. Есепке алудың жеке аспаптары болмаған кезде жобалық шығындарды есептеу өндірілетін пайдалы қазбада еріген газдың құрамы бойынша жүргізіледі.

12. Пайдалы компоненттердің минералдық шикізатты бастапқы қайта өңдеу үдерісінде жол берілген нормативтен тыс ысыраптарының сан­дық мәні кеннің тиісті типі (сорты) үшін белгіленген алу көлемі мен оның тауарлық өнімге нақты қол жеткізілген алынуы арасындағы айырма бойынша анықталады.

13. Бастапқы қайта өңдеу кезінде қатты пайдалы қазбалардың пайдалы компоненттерінің және олардың жартылай өнімдерінің нормативтен тыс ысыраптары өндірістік объектінің техникалық бақылау бөлімінің және тексерілетін кезеңде оның тауарлық балансын талдаудың деректері бойынша анықталады.

Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағи­дасына қосымша

Пайдалы қазбалардың нормативтен тыс ысырабы үшін залалдың мөлшерін айқындау мысалдары

1-мысал.

Жер қойнауын пайдаланушы қорғасын-мы­рыш кен орнын игереді. Есепті кезеңде 61224 тонна концентрат сатты:

нормативтік ысырап 1215 тонна болған кезде

мырыштың нақты ысырабы 2024 тоннаны құрады

Есепті кезеңде жер қойнауын пайдалану­шының (Лондон металдар және мұнай биржасының) мырыш концентратын сатуы кезіндегі орташа баға 228,03 АҚШ долларын құрады,

(2024 - 1215) х 228,03 = 184476,3 АҚШ доллары.

184476,3 х залал анықталған сәтте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген Қазақ­стан Республикасы ұлттық валютасының шетелдік валютаға шаққандағы ресми бағамы = залал сомасы.

2-мысал.

Жер қойнауын пайдаланушы есепті кезеңде 2658000 тонна мұнай өндірді.

Осы кезеңде мұнайдың нақты ысырабы 4442 тонна мұнайды, оның ішінде бекітілген нормативтік ысырап 1081 тонна мұнайды құрады.

Есепті кезеңде жер қойнауын пайдаланушының (Лондон металдар және мұнай биржасының) мұнайды сатуы кезіндегі орташа баға 50,49 АҚШ долларын кұрады,

(4442 - 1081) х 50,49 = 169696,89 АҚШ доллары.

169696,89 х залал анықталған сәтте Қазақ­стан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валю­тасының шетелдік валютаға шаққандағы ресми бағамы = залал сомасы.

3-мысал.

Жер қойнауын пайдаланушы есепті кезеңде 215000 тонна мыс сатты:

осы кезеңдегі мыстың нақты ысырабы 13600 тонна

мыстың нормативтік ысырабы 8600 тонна

Есепті кезеңде жер қойнауын пайда­лану­шының (Лондон металдар және мұнай биржасының) мысты сатуы кезіндегі орташа баға бір тонна үшін 1495,6 АҚШ долларын құрады,

(13600 - 8600) х 1495,6 = 7478000 АҚШ доллары.

7478000 х залал анықталған сәтте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетелдік валютаға шаққандағы ресми бағамы = залал сомасы.

4-мысал.

Жер қойнауын пайдаланушы есепті кезеңде кен орнын өнеркәсіптік игеруді жүзеге асырған кезде 300 млн. м көлемде ілеспе өндірілетін мұнай газын жақты. Бұл ретте, газда Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансында есепте тұрған компоненттерінің өнеркәсіптік құрамы бар. Қазақстан Республикасының Қор­лар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен деректерге сәйкес әлеуетті құрам­дастардың мәндері негізінде компоненттер мен құрғақ газдың (метанның) көлемін анық­таймыз. Әлеуетті жиынтық құрамы 1000 м газға 500 кг болған кезде компоненттердің (этан, пропан, бутан) шығыны 150000 тоннаны құрайды. Құрамы 50 % болған кезде кұрғақ газдың (метанның) ысырабы 150 млн. м3 құрайды.

Есепті кезеңде жер қойнауын пайда­лану­шының (Лондон металдар және мұнай биржа­сының) құрғақ газды сатуы кезіндегі орташа баға 1000 м3 үшін 80 АҚШ долларын, ал сұйытылған газдың (этан, пропан, бутан) 1 тоннасы үшін 350 АҚШ долларын құрады.

Залал сомасы:

құрғақ газ үшін: 150000000 м3 х 80: 1000 = 12000000 АҚШ доллары;

компоненттер үшін: 150000 т х 350 = 52500000 АҚШ доллары;

барлығы: 64500000 АҚШ доллары.

64500000 х залал анықталған сәтте Қазақстан Республикасы Ұлтық Банкі белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетелдік валютаға шаққандағы ресми бағамы = залал сомасы.

Ескертпе:

басқа компоненттер бойынша залал мөлшерін есептеу кезінде көрсетілген мысалдарды пайдалану керек.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 15 ақпан                    №139             Астана, Үкімет Үйі Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидасын бекіту туралы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 45) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидасы бекітілсін. 2. «Жер қойнауын пайдалану, қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген зиянды есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 тамыздағы № 796 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 31, 338-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 ақпандағы № 139 қаулысымен бекітілген Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Рес­публикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленген және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау тәртібін анықтайды. 2. Осы Қағида меншік нысанына қарамастан, барлық жер қойнауын пайдаланушыларға қолданылады. 3. Жер қойнауын ұтымды пайдалану сала­сындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау жер қой­науын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның жер қойнауын зерттеуге және пай­далануға мемлекеттік бақылау жүргізуі бары­сында залалды анықтау фактісі бойынша жүзеге асырылады. Жер қойнауын ұтымды пайдалану сала­сындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушымен бірлесіп айқын­дайды. 4. Залалдың мөлшерін айқындауға байла­ныс­ты туындайтын дауларды Қазақстан Рес­публикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен сот шешеді. 2. Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау 5. Жер қойнауын ұтымды пайдалану сала­сындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшері техникалық-экономи­калық есептемелерге негізделген, экономикалық негізді, болмай қоймайтын және қабылданған әдістермен және алғашқы қорларды игеру және оларды бастапқы өңдеу жүйелерімен техноло­гиялық байланысты шығындардан деңгейі асып түсетін пайдалы қазбалар қорларын игеру және өңдеу кезіндегі нақты ысыраптың көлемі негізге алынып айқындалады және жер қойнауын пайдаланушының есепті кезеңде өнімді сатудың орташа бағасы бойынша құндық мәнде айқындалады. 6. Жер қойнауын пайдаланушы есепті кезеңде өнімді сатпаған жағдайда, өнімнің құны мұндай сату орын алған өткен кезеңдегі сатудың орташа бағасы негізге алынып айқындалады. Бағаның ресми белгіленімі бар пайдалы қазбалар бойынша осы белгіленімдерге сәйкес есепті кезеңдегі олардың орташа құны қолданылады. 7. Залалдың мөлшері осы Қағидаға қосым­шаға сай мысалдарға сәйкес айқындалады. 8. Деңгейі техникалық-экономикалық есептемелерге негізделген, экономикалық негізді, болмай қоймайтын және қабылданған әдістермен және қорларды игеру және бастапқы өңдеу жүйелерімен технологиялық байланысты ысы­рап­тан пайдалы қазбаларды игеру және бастапқы өңдеу кезіндегі нақты ысыраптың асып түсуі (бұдан әрі – нормативтен тыс ысыраптар) мынадай көлемдерден болады: пайдалы қазбалардың баланстық қорларының пайдалы қазбаның баланстық қорлары дұрыс есептелген және оларды жер қойнауынан өндіру толықтығын бастапқы есепке алу мүмкін бола­тын бір тектес тау-кен-геологиялық жағдай­лармен бір жүйеде игерілетін жер қойнауының әрбір бөлігі бойынша белгіленген нормативтік ысыраптардан тыс ысыраптар, сондай-ақ кез келген негізсіз ысыраптар; баланстық, сондай-ақ жер қойнауын ұтымды пайдалануды ескере отырып, пайдалы қазбалар­дың кен орындарын экономикалық рентабельді игеруді көздейтін жобалау құжаттарын бұзудың және осы бұзулардан туындаған авариялардың нәтижесінде пайда болған пайдалы қазбалардың баланстық қорларын селективті алуға және қоймаға жинауға көзделген шығындар; алаңы мен қуаты бойынша толық алмаудың, қаттарды, (кен шоғырларын) өңдеу мен жақын­дас­тыру­дың, қорларды есептен уақтылы шығар­маудың, тау-кен әзірлемелерін уақытынан бұрын жабудың салдарынан жер қойнауында қалды­рылған қорлар; игеру (өндіру) бойынша талаптарды бұзу салда­рынан туындаған жер қойнауында сулану­дың, жанудың салдарынан туындаған пайдалы қазбалардың баланстық қорларының немесе өндірілген пайдалы қазбалардың ысыраптары; пайдалы компоненттері неғұрлым бай кен орындарының оңай қол, жеткізілетін учаскелерінде өндірудің салдарынан рентабельді өңдеу мүмкін емес болатын пайдалы қазбалардың баланстық қорларының ысыраптары; кәсіпшілікте өндіру, жинау, тасымалдау және дайындау кезінде мұнайдың, табиғи және ілеспе мұнай газының, газ конденсатының келісілген ысыраптар нормаларынан тыс ысыраптар; игеру (өндіру) жөніндегі талаптарды бұзу салдарынан туындаған кен орындарын игерудің жобалау құжаттарында немесе технологиялық схемаларда көзделген технологиялық режимін сақтамаудың, сондай-ақ мұнай мен газдың құбыр сыртындағы және құбыр арасындағы кеңістік арқылы жоғары жатқан белдеулерге қатаралық ағылуының салдарынан мұнайдың, табиғи газдың, басқа пайдалы қазбалар мен компонент­тердің бекітілген алынатын қорларының ысыраптары; ілеспе мұнай газын, газ конденсатын алудың және кәдеге жаратудың бекітілген нормативтерін сақтамау салдарынан олардың ысыраптары; кен орындарын уәкілетті органдардың рұқса­тынсыз өнеркәсіптік игеру кезінде жағылатын табиғи және ілеспе мұнай газы; жағуға рұқсат етілген көлемінен тыс жағыл­ған табиғи және ілеспе мұнай газы; жобалық көрсеткіштермен салыстырғанда қайта өңделетін шикізат сапасының өзгерістері мен ауытқуларына және қайта өңдеудің техно­логиялық тәртібінің бұзылуына байланысты минералдық шикізатты, аралық өнімдерді (жар­тылай фабрикаттарды), байыту қалдық­тарын, шөгінділерді, қождарды бекітілген нормативтерден тыс бастапқы қайта өңдеу кезінде қатты пайдалы қазбалардың және олардың құрамын­дағы пайдалы компоненттердің ысырап­тары. 9. Мұнай-газ және газ конденсаты кен орындарын пайдалану кезінде мұнайдың, конденсат пен газдың, оның ішінде ілеспе (еріген) газдың нормативтен тыс қаттық ысыраптары қорларды есептеген кезде қабылданған алу коэффициентінен ауыт­қу­лармен анықталады. 10. Газды жағу кезіндегі нормативтен тыс ысыраптар қорларды есептеген кезде қабыл­данған компоненттердің құрамы негізінде пай­далы қазбалардың мемлекеттік балансында тұрған газдың компоненттік құрамы бойынша анықталады. 11. Есепке алудың жеке аспаптары болмаған кезде жобалық шығындарды есептеу өндірілетін пайдалы қазбада еріген газдың құрамы бойынша жүргізіледі. 12. Пайдалы компоненттердің минералдық шикізатты бастапқы қайта өңдеу үдерісінде жол берілген нормативтен тыс ысыраптарының сан­дық мәні кеннің тиісті типі (сорты) үшін белгіленген алу көлемі мен оның тауарлық өнімге нақты қол жеткізілген алынуы арасындағы айырма бойынша анықталады. 13. Бастапқы қайта өңдеу кезінде қатты пайдалы қазбалардың пайдалы компоненттерінің және олардың жартылай өнімдерінің нормативтен тыс ысыраптары өндірістік объектінің техникалық бақылау бөлімінің және тексерілетін кезеңде оның тауарлық балансын талдаудың деректері бойынша анықталады. Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағи­дасына қосымша Пайдалы қазбалардың нормативтен тыс ысырабы үшін залалдың мөлшерін айқындау мысалдары 1-мысал. Жер қойнауын пайдаланушы қорғасын-мы­рыш кен орнын игереді. Есепті кезеңде 61224 тонна концентрат сатты: нормативтік ысырап 1215 тонна болған кезде мырыштың нақты ысырабы 2024 тоннаны құрады Есепті кезеңде жер қойнауын пайдалану­шының (Лондон металдар және мұнай биржасының) мырыш концентратын сатуы кезіндегі орташа баға 228,03 АҚШ долларын құрады, (2024 - 1215) х 228,03 = 184476,3 АҚШ доллары. 184476,3 х залал анықталған сәтте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген Қазақ­стан Республикасы ұлттық валютасының шетелдік валютаға шаққандағы ресми бағамы = залал сомасы. 2-мысал. Жер қойнауын пайдаланушы есепті кезеңде 2658000 тонна мұнай өндірді. Осы кезеңде мұнайдың нақты ысырабы 4442 тонна мұнайды, оның ішінде бекітілген нормативтік ысырап 1081 тонна мұнайды құрады. Есепті кезеңде жер қойнауын пайдаланушының (Лондон металдар және мұнай биржасының) мұнайды сатуы кезіндегі орташа баға 50,49 АҚШ долларын кұрады, (4442 - 1081) х 50,49 = 169696,89 АҚШ доллары. 169696,89 х залал анықталған сәтте Қазақ­стан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валю­тасының шетелдік валютаға шаққандағы ресми бағамы = залал сомасы. 3-мысал. Жер қойнауын пайдаланушы есепті кезеңде 215000 тонна мыс сатты: осы кезеңдегі мыстың нақты ысырабы 13600 тонна мыстың нормативтік ысырабы 8600 тонна Есепті кезеңде жер қойнауын пайда­лану­шының (Лондон металдар және мұнай биржасының) мысты сатуы кезіндегі орташа баға бір тонна үшін 1495,6 АҚШ долларын құрады, (13600 - 8600) х 1495,6 = 7478000 АҚШ доллары. 7478000 х залал анықталған сәтте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетелдік валютаға шаққандағы ресми бағамы = залал сомасы. 4-мысал. Жер қойнауын пайдаланушы есепті кезеңде кен орнын өнеркәсіптік игеруді жүзеге асырған кезде 300 млн. м көлемде ілеспе өндірілетін мұнай газын жақты. Бұл ретте, газда Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансында есепте тұрған компоненттерінің өнеркәсіптік құрамы бар. Қазақстан Республикасының Қор­лар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен деректерге сәйкес әлеуетті құрам­дастардың мәндері негізінде компоненттер мен құрғақ газдың (метанның) көлемін анық­таймыз. Әлеуетті жиынтық құрамы 1000 м газға 500 кг болған кезде компоненттердің (этан, пропан, бутан) шығыны 150000 тоннаны құрайды. Құрамы 50 % болған кезде кұрғақ газдың (метанның) ысырабы 150 млн. м3 құрайды. Есепті кезеңде жер қойнауын пайда­лану­шының (Лондон металдар және мұнай биржа­сының) құрғақ газды сатуы кезіндегі орташа баға 1000 м3 үшін 80 АҚШ долларын, ал сұйытылған газдың (этан, пропан, бутан) 1 тоннасы үшін 350 АҚШ долларын құрады. Залал сомасы: құрғақ газ үшін: 150000000 м3 х 80: 1000 = 12000000 АҚШ доллары; компоненттер үшін: 150000 т х 350 = 52500000 АҚШ доллары; барлығы: 64500000 АҚШ доллары. 64500000 х залал анықталған сәтте Қазақстан Республикасы Ұлтық Банкі белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетелдік валютаға шаққандағы ресми бағамы = залал сомасы. Ескертпе: басқа компоненттер бойынша залал мөлшерін есептеу кезінде көрсетілген мысалдарды пайдалану керек.