Семейдегі облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Шоқ үтіктен тоқ үтікке дейін» атты көрме ашылды. Көрмеде үтіктердің шығу тарихы, дамуы, ежелгі дәуірлерден бүгінге дейін қандай өзгеріске ұшырағандығы жайлы қызықты мағлұматтар берілді.
Экспозицияға әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар бірегей заттар қойылған. Киім тегістеуге арналған құралдың қарапайым тас тақтайдан басталып, білеу, шоқ үтіктер, содан кейінгі замандағы құйылған шойын үтіктер түріне дейін жалғасын тапқан, тіпті бүгінгі тоқ үтікке дейінгі тарих толық қамтылыпты. Мәселен, алғашқы үтіктер тұтастай шойыннан не қоладан құйылыпты. Отқа қыздырылатын болған. Салмақтары ауыр, бірақ өте тез суып қалады. Уақыт өте келе тұтастай құйылып жасалатын үтіктер жетілдіріле түскен. Оған ортақ алынбалы тұтқасы бар тегістейтін қос шойын табан жасалған. Бір табанымен киім тегістеп жатқанда, екіншісі пештің үстіне қыздыруға қойылған. Үтіктердің мұндай түрі ХVІІІ ғасырда пайда болып, ХХ ғасырдың 60-жылдарына дейін пайдаланылған. Әрине, ол кездері тоқ үтіктер қолданыста болғанына қарамастан, шоқ үтік те қолданылған.
Көрмеге келушілер білеу мен шойын үтікті ұстап көру мүмкіндігіне ие болды. Көрмеге музей қорындағы жәдігерлер пайдаланылыпты. Көрмені ұйымдастыру бойынша жүргізілген жұмыстарға суретші-безендіруші П.Уколов, «Жер-Су» клубының жетекшісі В.Колбин және тағы басқалар қатысты.
– Ежелгі адамдар үстілеріне теріден тігілген киім кигендіктен оны жазып, үтіктеп киюді де білген, – деді музейдің қызметкері Сақтаған Сердалина, – ол үшін екі тас плита алынып, арасында теріні салған. Ауыр салмақтан тері тақтайдай тегістеліп, киім ретінде кесіп, пішіп тігуге дайын болған.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА
СЕМЕЙ
Суретті түсірген автор

Ақ Олимпиада: Надежда Морозова мен Елизавета Голубева үздік ондыққа кірді
Спорт • Бүгін, 21:36
UAE SWAT Challenge: Қазақстан арнайы жасақтары турнирдің алғашқы күнінде топ жарды
Оқиға • Бүгін, 21:26
Қысқы Олимпиаданың алғашқы алтын жүлдесі кімге бұйырды?
Олимпиада • Бүгін, 18:55
Азия чемпионаты: Қазақстан жеңіл атлетикадан екінші алтын жүлдені жеңіп алды
Жеңіл атлетика • Бүгін, 18:40
Ертең еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 18:30
Жаңа Конституция жобасы сарапшылардың қолдауына ие болды
Ата заң • Бүгін, 18:22
Ерқанат Көпжасарұлы: Жаңа Конституцияда еркіндік пен жауапкершілік бір арнаға тоғысады
Ата заң • Бүгін, 18:11
Қаржы министрлігі ескертеді: Министр Такиевтің атын жамылған алаяқтар пайда болды
Қаржы • Бүгін, 17:44
Жапонияда жауған қалың қар салдарынан 40-тан астам адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 17:32
«Көмбенің» көмескі ізі: Ұмытылып бара жатқан ұлттық ойын
Спорт • Бүгін, 17:15
Жаңа Конституция мәтінін Брайль қарпімен жазу ұсынылды
Ата заң • Бүгін, 17:01
Конституциялық комиссияда жаңа Ата Заңды бүкілхалықтық референдумға шығару ұсынылды
Ата заң • Бүгін, 16:57
Аида Балаева: Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды
Ата заң • Бүгін, 16:45