01 Наурыз, 2017

Экспорт: Еліміздің ерекшелігі ескеріле ме?

371 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Елбасының «Қазақстанның Үшін­­ші жаңғыруы: жаһандық бә­се­ке­ге қабілеттілік» атты Қазақ­­с­тан халқына Жолдауының бі­рін­­ші ба­сымдығында көрсетілген екін­ші ке­шендік міндетіне талдау жа­сап кө­ре­лік. «Басымдығы бар са­ла­­лар­да­ғы бә­­секеге қабілетті экс­­порт­тық өн­ді­ріс­ті дамытуды көз­дей­тін индустри­я­ландыруды жал­ғас­тыру керек», – де­лінген Жолдауда. Яғни, кез келген ұлттық экономика үшін сыртқы сауда құрамындағы импорттан гөрі экспорт көлемінің маңызы өте зор. Әсіресе, экспортқа шикізат шы­ғарғаннан гөрі дайын өнім өндіру нә­­тижелі болары сөзсіз. Мысалы, қой те­рі­сінің құны тиын-тебен тұрады, ал одан дайын тон тіксе ондаған, жүздеген мың теңгеге сатылуы әбден мүмкін. Осы орайда, Елбасы Н.Назарбаевтың биыл­ғы Жолдауындағы «Үкімет алдын­да қазірдің өзінде 2025 жылға қарай ши­кі­з­аттық емес экспортты 2 есе ұл­ғай­ту мін­деті тұр», деп атап өтуі кө­ңіл­ге әб­ден қонымды тапсырма екені хақ. Бұл шараны іске асыру үшін, әри­не, экс­портқа қатысы бар өндіруші кә­сіп­орын­дарды «бір шатырдың астына бі­рік­тіріп», ортақ стратегия жасау көп­тен күткен мемлекеттік мәселе екені даусыз. Бүкіл ТМД елдерінің арасында эко­номикамызға шет елден қомақты қар­жы, тікелей инвестициялар тартуда біз­дің еліміз алдыңғы орында. Алайда, біз­ден сыртқа кетіп жатқан қаржының кө­леміне де назар салған жөн. Осыған орай, соңғы жекешелендіру және мү­лік­ті заңдастыру акциясынан түскен қар­жы 5,7 триллион теңге, ал ақшалай 4,1 трлн тең­ге деп көрсетілген. Осы орайда екі жыл бұрын құры­л­­ған «Астана» халықаралық қаржы ор­та­лығына жүктелген міндет ойымыз­дан шығып отыр. Әрине, шет елден қо­мақ­ты қаржы, тікелей инвестициялық ре­сурстарды тартуда арнайы қаржы инс­титутының әрекет етуі қажет. Қы­тай­­мын бірлескен инвестициялық жо­ба­­лар да екіжақты мақұлданып, енді іске кі­рісетін кезі келді. Бұл әріп­тестік аясында, әсіресе, электромобиль зауытына баса көңіл бөлініп отыр. Әрине, шет елге электромобиль шы­ғаруды ықыласпен қуаттауға болады, алайда, осы салада жаһандық бә­се­келестік бір жағынан қиындық ту­ды­рар болса, екінші жағынан электро­мо­­­­бильдердің аккмуляторларына қуат беретін бекеттердің жүйесін де им­порт­қа шығару орасан зор қаражатты талап ете­рі сөзсіз. Жалпы, халықаралық ын­ты­мақ­тас­тық аясында ұлттық мүддені келесі үш қағидатқа сүйене отырып жасаған дұ­рыс болар еді. Экономикалық теория тұр­­ғысынан осы мәселені қарас­тырсақ, адам­­зат тарихында ерекше із қал­дыр­ған эко­номистердің ілімдеріне тоқ­­та­луы­мыз қажет-ақ. Тізбектеп кө­ре­лік. Біріншісі – XVIII ғасырда «Халықтар бай­лығы» кітабымен адамзатты дүр сіл­кіндірген ағылшын классикалық сая­си экономиясының ең белді өкілі Адам Смит. Ол қоғамдық еңбек бөлісі қа­ғидасын зерттей келе абсолютті ар­тық­шы­лық деген ұғым енгізген. Халық­а­ра­­лық еңбек бөлісінде абсолютті ар­­­­­­тық­шылыққа ие болған ел басқа мем­­­­­лекеттер өндіре алмайтын ерекше мүм­­­­­к­індіктерді иемденеді. Мысалы, Үн­діс­тан – шай, Бразилия – кофе, Га­ваи – ба­нан деген сияқты. Абсолютті ар­тық­шы­­лық­ты қолданған ел өзіне тән ерек­ше өнім­­д­ерін экспортқа шығару арқ­ылы эко­­номикасын өркендетеді. Екінші, ойшыл экономист, ағылшын классигі Давид Рикардо салыстырмалы ар­тықшылық теориясын ұсынған болатын. Бұл теория бір өнімді бірнеше ел өндіру мүмкіндігіне ие болса да, ішін­дегі бір елдің өнімінің сапасы мен тиім­ділігі анағұрлым артық болуы мүм­кін, сондықтан да, басқа елдер осы өнім­ді өндіруді қысқартып, бас­қа тиім­дірек өнімді өндіріп, өзара сау­даға түс­се, жал­пы өнім қосындысы ана­ғұрлым көп болатынын дәлелдеп жа­һан­данудың не­гізін салды. Үшіншісі, XX ғасырдың 80-жылда­рын­да өз қағидатын жария еткен эконо­мист Майкл Портер адамзатқа бәсе­ке­лес­тік идеясын көлденең тартты. Оның пай­ым­дауынша, бүгінгі күні та­биғи геог­рафиялық факторларға сүйенетін аб­солютті және салыстыр­ма­лы артық­шы­­лықтардан гөрі білім, ғылым жә­не инно­вацияларға негізделген бәсе­ке­лес­тік артықшылығы айрықша рөлге ие болды. Біздің пайымдауымыз бойынша, сыртқы саудаға, халықаралық ең­бек бө­лісіндегі өзіміздің абсолютті, са­лыс­­тырмалы және бәсекелестік ар­тық­шылықтарымызды бетке ұстап, ара­ласқанымыз және өз орнымызды тапқанымыз абзал. Экспорттық мүм­кін­дігімізді екшей келгенде, сыртқы эко­­номикалық әлеуетімізді арттыру үшін елдік мүддеміздің ескерілгені де ұл­ты­мыздың ұпайын түгендей түседі.

Жангелді  ШЫМШЫҚОВ,

экономика ғылымдарының кандидаты