01 Наурыз, 2017

"Нұр Отан" партиясы қатарына жаңа мүшелер қабылданды

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
"Нұр Отан" партиясының құрылғанына 18 жыл толуына орай партия қатарына жаңа мүшелер қабылданды. "Біздің партиямыздың қатарын толықтырғандардың ішінде инновацияны енгізіп жатқан көптеген жас инженерлердің, ғалымдар мен бизнесмендердің болуы өте маңызды. Мемлекет басшысы өзінің жолдауында жария еткен үшінші жаңғырудың қозғаушы күші - мына сіздер болуға тиіссіздер. Партияның барлық күш-жігері президентіміздің алдымызға қойған осы ауқымды міндеттерін табысты іске асыруға бағытталуы керек", - деді "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұxтар Құл-Мұxаммед. Айта кету керек, партия қатарына боксшы Назым Ищанова, муай-тай бойынша әлем чемпионы Әділет Берікқалиев, айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов, әнші Руxия Байдукенова, республикалық дебаттық турнирдің дипломанты Қаракөз Амантай, "Әбіш әлемі" республикалық театр фестивалінің гран-при иегері Жазира Қожаxметова, инженер-энергетик Асылбек Жалмұxанбет, жас ғалым-математик Ержан Домалатов, бизнесмен және программист Самат Биғазы қабылданды.