01 Наурыз, 2017

ЕАЭО елдерінде дәрі-дәрмек бағасы 5 есеге арзандауы мүмкін

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде дәрілік заттардың құны 5 есеге арзандауы мүмкін, ал автомобильдің қосымша бөліктері мен парфюмерлік-косметика өнімі 2-3 есеге арзандауы мүмкін, деп жазады Strategy2050.kz.
Еуразиялық экономикалық  кеңестің бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу  коллегиясының мүшесі Нұрлан Алдабергенов айтып өткендей,  «параллельдік» импорт  ЕАЭО елдерінде  көптеген импорттық тауарлардың  бағасын төмендетуге әсер етеді. «Еуразиялық үкіметаралық кеңестің  одақ туралы келісімге өзгертулер енгізу  бұйырығына сәйкес, тауарлық белгі  құқығын өңірлік ұстанымнан алып тастау жеңілдігі  қарастырылуы мүмкін. ЕАЭО елдеріне белгілі маркадағы   тауарларды енгізу тек иемденушілері  мен ресми тіркелген жеткізушілер ғана емес,  параллельдік импортшылар да жеткізе алады», - деді Н.Алдабергенов. ЕЭК-те хабарлағандай, 2017 жылға арналған  монополияға қарсы  күресті реттеу  саласындағы негізгі  тапсырмаларды айтты.