01 Наурыз, 2017

Құлыбаев мемлекеттік сатып алуда тек отандық өнім тұтынуға шақырды

164 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
ҰКП ұзақ мерзімді тапсырыстар мен тұтынушылар арасында нарықтық симметрияны теңдестіруге барынша атсалыспақ. Өңдеу өнеркәсібі өнімдері барлық салалардың бәсекеге қабілеттігін арттырудағы ең маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, деп жазады palata.kz. Демек, осы басымдыққа ие саланың дамуы тиімді экономикаға қарай жетелейді. Сондықтан өндірісті дамытуға күш салу қажет. Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев қатысуымен өткен жұмыс отырысында талқыланды. «Атамекен» басшысы кәсіпорындарды тапсырыстар және ұзақ мерзімді келісім-шарттармен қамтамасыз ету Ұлттық Палатаның жұмысында басымдыққа ие бағыт екенін атап өтті. Дегенмен, жоғары аталған мысалдың оң және теріс әсері болуы мүмкін. Төралқа Төрағасының айтуынша өндірушілер ең алдымен шығарылып жатқан өнімнің сапасына мән беріп, бағасы бойынша тауарды бәсекеге төзімді ету керек. Тимур Құлыбаев нарықта бәсекеге қабілетті отандық тауар өндірушілерді мейлінше жұмылдыруды ескеріп, сондай-ақ импортты алмастыру үшін отандық тауарларға мемлекеттік тапсырыстарды ұлғайту керектігін атап өтті. «Атамекен» отандық кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын ұйым ретінде өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындардың бизнесін дамытуға қолдау көрсету жолдарын қарастырады. Осы ретте Тимур Құлыбаев тұтынушы мен өндірушілер арасында тиімді келісімге қол жеткізу үшін арнайы құжатты жасауды тапсырды. «Сатып алынатын тауарлар мен өндірілген өнімдердің матрицасын жасау керек. Сонда біз өндірістің мүмкіндігі мен сұраныстың ара-салмағын анықтай аламыз. Ары қарай өндірушілер қандай өнімді шығару керектігін, оның сапасы мен бағасын біліп отыратын болады. Бұл жеңіл өнеркәсібі, жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсіптеріне қатысты болады. Мәселен, жиһаз өнімдерін алып қарасақ. Мемлекеттік тапсырыспен не алынады? Мектеп парталары, кеңсе жиһаздары, медициналық төсектер және т.с.с. Өңірлерді аралағанда кезде маған көрсетілген өндірістер мемлекеттік тапсырысқа емес, тұрмыстық жиһаздар шығарып, көбінесе тұтынушылар нарығына бағдарланғанын көрдік», – деді Тимур Құлыбаев.