01 Наурыз, 2017

Қазақстанда Туризм индустриясы комитеті құрылды

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Туризм индустриясы комитетін құру туралы Үкімет қаулысы шықты. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаментінің басшысы Марат Иғалиев жазды. «Туристік қоғамдастық пен БАҚ-тардан түскен сауалдарға байланысты «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жүйесін одан әрі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы №412 Жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 ақпандағы 185 қаулысы шыққанын хабарлаймын», - делінген хабарламада. Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм комитетін қайта ұйымдастыратынын қаулы етеді. Келтірілген мәліметке сай, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, белгіленген заңнамалық тәртіппен осы қаулы негізінде шараларды қабылдауда.