2017 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстанда инфляция 1,8 пайыз болды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті.
Айтуларынша, баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы екі айда (2017 жылғы ақпан 2016 жылғы желтоқсанға) 2,6 пайыз, азық-түлік емес тауарларына - 1,3 пайыз, ақылы қызметтерге - 1,2 пайызға өскен.
Осы жылдың басынан (2017 жылғы ақпан 2016 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі картопқа 15 пайыз, жаңадан жиналған көкөністерге - 13,9 пайыз, сиыр етіне - 5,3 пайыз, сары майға - 4,3 пайыз, қой етіне - 4,2 пайыз, жаңадан жиналған жемістерге - 3,3 пайыз, жылқы етіне - 2,7 пайыз, мәйекті ірімшікке - 2,2 пайызға, косервіленген сүтке, нанға - 2,1 пайыздан белгіленді.
Бағаның төмендеуі жұмыртқаға 4,7 пайыз, қантқа - 3,2 пайыз, қарақұмық жармасына - 1 пайызға тіркелді. Ал автомобильдерге баға өсімі 2,2 пайыз, шыны және қыштан жасалған өнімдерге - 2 пайызға, фармацевтикалық өнімдерге, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 1,4 пайыздан, газеттер, кітаптар және кеңсе тауарларына - 1,3 пайызға, жиһаз және үйге қажетті заттарға, тоқыма бұйымдарына, жеке қолданатын тауарларға - 1,2 пайыздан, тұрмыстық аспаптарға - 1 пайызды құрады.
Бензин 4,3 пайыз, баллондағы сұйытылған газ - 4,2 пайызға қымбаттады.
"Баға деңгейі құқық қызметтеріне 7 пайыз, көлiк құралдарын сақтандыру - 6,8 пайыз, денсаулық сақтау - 2,3 пайыз, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы - 1,4 пайызға өсті. Қалааралық автобуспен жол жүру ақысы 2,7 пайызға қымбаттады, ал жолаушылардың әуе көлігімен - 9,1 пайыз, темір жол көлігімен - 0,3 пайызға арзандады. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер кәрізге 6,8 пайыз, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға - 4,2 пайыз, орталықтан жылытуға -2,4 пайызға, электр энергиясына, ыстық суға - 2,3 пайыздан, суық суға -2,2 пайызға жоғарылады", - делінген ведомство хабарында.